Балалы болуға жәрдемдесетін ЖАҢА әдіс

0
13 834

Алла Тағаланың рахым-шапағаты шексіз. Соның бірі – Құрандағы мағынасы Алланың өзіне ғана аян болып табылатын 29 сүренің басындағы 14 әріп арқылы оқылатын тікелей Алланың нұр сәулесіне негізделген«Хуруф-ул Мұқатта-а» шипалы оқу жүйесі.


Балалы болуға жәрдемдесетін ЖАҢА әдіс

фото: zoom.me

Алла Тағаланың рахым-шапағаты шексіз. Соның бірі – Құрандағы мағынасы Алланың өзіне ғана аян болып табылатын 29 сүренің басындағы 14 әріп арқылы оқылатын тікелей Алланың нұр сәулесіне негізделген«Хуруф-ул Мұқатта-а» шипалы оқу жүйесі.

Қарттардың да, жас балалардың да тілі келетін, оқып-жатталуы, орындалуы оңай бұл ілім алғашқы үлкен сыннан Санкт-Петербургтың онкология, радиология орталықтары мен хоспистерде өткен. Содан бері халықтың шақыруымен Қазақстан қалаларында қайырымдылық негізде жүргізіліп келе жатқан«Хуруф-ул Мұқатта-а» рухани-сауықтыру ілімі және осы ілімді зерттеуге 20 жыл саналы ғұмырын арнаған Ордабай Сандыбайұлын көпшілік жақсы білсе керек.

Ал, ерлі-зайыптылардың балалы болуына көмектесетін әдісін ше, біле ме екен? Шипагер Ордабай Сандыбайұлы өзінің «Сырын ашқан, нұрын шашқан Хуруф-ул Мұқатта-а» кітабында бедеулік пен белсіздікке ем болатын және сәбилі болуға жәрдемдесетін шипалы оқу жүйесін ойлап тапқан.

Ол «Құранның мағынасы тек қана Аллаға аян саналық әріптерін, яғни «Сааад, Кәәәф-һә-Йә-Ғаййййн-Саааад, Әлиф-Ләәәәм-Мииим-Саааад» деп, бес уақыт намаз кезіндегі азан басталғаннан бастап азан аяқталғанға дейін қосылып оқып, Алладан кешірім сұраған жұбайлар бедеулік пен белсіздік дертінен емделіп, балалы болуға мүмкіндік табады» деп жазады. Бұл оқу ең алдымен ДНК мен РНК-ны қуаттандыратындықтан, ағзаның әу бастағы Алладан берілген сауығу және қорғаныс бағдарламасы қалыпқа келіп, иммунитет күшейеді. Рухани-сауықтыру бағдарламасының әсерін айтып жеткізу қиын. Сондықтан да, оқып, қолданып көргеніңіз дұрыс.

Құрандағы саналық әріптерінің басқа да шипалық қасиеттеріне тоқтала кетейік:

Әлиф-Ләәәәм-Миииим: Көз ауруларына әр екі сағат сайын 14 реттен толық айыққанға дейін арасына үзіліс жасап 28 күн оқылады.

Әлиф-Ләәәәм-Ра: Сүйек ауруларының барлық түрлеріне және бүйрек ауруларына кіндікті бас бармақпен басып (ерлерге оң қолдың, әйелдерге сол қолдың) күн шыққанға дейін және күн батқаннан кейін 21 рет оқылады.

Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Ра: денені сылау (массаж) кезінде оқылады.

Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Ра, Нуууун, То-Сиииин-Миииим: желкедегі шұқыршақты сұқ саусақпен басып, ми, мишық, жұлынға қан қысымын тұрақтандыру үшін оқылады.

Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад: тілдің ұшына ортаңғы саусақты тигізіп тіл тұтықпасына оқылады. Және химиялық дәріні ішер алдында 5 рет қайталаса ағзада оның зиянды әсері қалмайды. Ал, 11 рет қайталау баланың білім қабылдау арналарын ашады.

Астағфируллаһ, Кәф-Һә-Йә-Ғайн-Сад, Аллаһу әкбар! - қарғыстардан, тіл-көздерден, теріс оқулардан қорғап, жол ашады.

То-Һә, Йә-Сиииин: ұйықтар алдында иман айтып, 5-7 рет қайталағандарға түні бойы ем жүреді. Тіл тұмары ретінде үнемі айтып жүрсе, амандық болады.

Йә-Син: Бұзылған дене мүшелерін қалыпқа келтіру үшін жүрекке ортаңғы саусақ ұшын тигізіп 33 реттен оқылады. Сонымен қатар, ер адам әйелімен қосылар сәтте 8 рет қайталағаны жөн.

Ха-Миииим: зәр жүрмей, қуық байланғанда екі қол білезігінің іш жағын бас бармақтармен басып 7 реттен оқылады.

Қааааф, Нуууун, То-Һә,Йә-Сиииин: құс, шошқа т.б. түрлі тұмауға шалдыққан адам 2 сағат сайын 14 реттен оқиды. Ел-халық үш жұма жеті нан садақа таратып, кешкілік жанұясымен бірігіп оқыса, еліміз мұндай індеттерден аман болады.

Әлиф-Ләәәәм-Миииим, Әлиф-Ләәәәм-Ра. Йә-Сиииин, Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад, Ха-Миииим, То-Һә, Ха-Миииим, Ғаййййн-Сиииин-Қааааф: балалардың білім қабылдау қабілетін күшейтіп, жеті энергия арнасын ашады, тәни де, рухани да кемелденуге жеткізеді.

Қымбатты оқырман, мен Ордабай Сандыбайұлының «Хуруф-ул Мұқатта-а» шипалы оқу жүйесіндегі «Қан тазарту» рухани-сауықтыру оқуын 29 күн оқып, нәтижесін көрдім. Ағзаның бүкіл жұмысын жақсартып, қанды тазартып жаңартады екен. Егер, сізге бұл шипалы оқу жүйесі қажет болса, келесі аптада назарларыңызға ұсынуға дайынмын.

Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ