​«Кофе медитациясы» жақсылықтың жолын ашады

0
2 505

Орындалу техникасы оп-оңай!


​«Кофе медитациясы» жақсылықтың жолын ашады

фото: img.financedirectuk.com

Медитацияның әр түрлісін орындап көрген боларсыз, «Кофе» медитациясын ше?

Бұл кез келген медитацияның, «арман картасының» жанармайы секілді. Орнынан қозғалтады. Сондықтан бұны орындап көруге кеңес береміз.


«Кофе» медитациясы – ертедегі тибеттік практика. Ол жасаған кішкентай болса да қайырымды істеріңіз арқылы кармаңыздың жақсаруын, тазаруын жылдамдатады. Осы орайда «неліктен бұл медитация «кофе» деп аталады?» деген сұрақтың туындайтыны белгілі.


  • Біріншіден, орындалу уақыты – кофе ішкенмен бірдей. Бар болғаны 10-ақ минут уақыт арнайсыз.
  • Екіншіден, сүйікті кофеңізді ішкенде бүкіл денеңіз босаңсып, сол сәттен ләззат аласыз, көңіл күй көтеріледі. Кішкентай ғана жақсы ісіңізге қуануды үйренесіз.
  • Үшіншіден, таңертең ұйқыдан тұра салып кофе ішкенде ол ағзаңызды оятады, сергектік сыйлайды. «Кофе» медитациясы да солай, жақсы істеріңіздің дәнін «суарып» өсіреді.
  • Төртіншіден, кофенің дайындалуында, яғни оның бір күйден екінші, одан кейін үшінші күйге ауысуы.Жалпы, кез келген заттың үш күйі болады, бұны агрегаттық күй деп атайды. Бір күйден басқа күйлерге ауысуы қысым мен температураға, энергияға тікелей байланысты. Мысалы, кофе ұнтағы алдымен қатты күйде болады. Ыстық сумен араластырған соң еріп сұйық затқа айналады. Құрамындағы неше түрлі аромат бу күйінде (иіс), мұрынға келеді.


Адамның әрбір ісі осы кофе сияқты бір күйден екінші күйге айналып отырғанда ғана «Қайтарым заңы» жүре бастайды. Жасаған жақсылығымыз өзімізге қайтуы үшін энергия, тепература, қысым керек. Яғни ойлау, қуану, сезіну қажет.

Міне, «кофе» медитациясы сіздің сол жасаған игі істеріңізді өзіңізге еселеп қайтару үшін орындалады. Жақсылығыңызды қатты күйінде қалмауына көмектеседі.

Нақтырақ айтсақ, тибеттіктерде «Түпсана ойға алған арманды жүзеге асыру үшін қуат пен ой бір арнада жылжуы керек» деген түсінік бар. Ал қуат пен ойды бір арнаға түсіру үшін «кофе» медитациясын күнде ұйықтар алдында орындауды әдетке айналдырыңыз. Нәтижесіне таң қаласыз!



ТЕХНИКА

1-қадам: Кешке ұйықтардан бұрын жуынып, шайынып, денені қысып тұрмайтын кең киім киіп, өзіңізге ыңғайлы қалыпта отырыңыз. Орындыққа отырсаңыз да, шалқаңыздан жатсаңыз да болады. Сол күнгі жасаған жақсы, пайдалы, қайырымды істеріңізді еске түсіріңіз.

Мысалы: досыңызбен бірге киім бутиктерін араладыңыз. Қасында жүріп киім таңдауға көмектестіңіз. Мейлі, ол өзінің ұнатқан киімін алған болар, дегенмен сіз уақытыңызды бөліп бардыңыз ғой. Ал уақыт – ең қымбат ресурс. Біреу үшін уақыт бөлу де – қайырымды іске жатады.

Сіз әлеуметтік желіде алаяқтардан сақтану туралы пайдалы ақпарат жаздыңыз делік. Оны таныс адамдарыңызға таратып бөлістіңіз. Сіз бір ғана жазбаңыз арқылы көптеген адамның алдануының, алаяқтарға құрбан болуының алдын алдыңыз. Бұл да жақсы іс.

Егер ойлансаңыз, адам бір күнде осындай пайдалы, жақсы істерді көп орындайды. Бірақ ескере бермейміз.

Бір рет көрген фильмді екінші рет қайталап көріп шыққанда ол есте сақталып қалады ғой. Сол сияқты жасаған істеріңізді еске түсіру арқылы сіз оны түпсанаға мөрлеп қоясыз. Яғни жақсылықтың дәнін егесіз.

Бірінші қадамда күні бойы жасаған істеріңізді еске түсіресіз. Бұрынғы, өткен шақтағы істерді ойламаңыз. Әр күні кешке тек сол күнгі жақсы істерді ойлауыңыз қажет.


2-қадам: Қуану. Сезімге бөлену арқылы түпсанаға егілген дәнді суарасыз.

Жақсы істерді еске алып, «Менің қоғамға пайдам бар», «Мен бүгін жақсы іс жасадым», «Мен пәленшені қуанттым» деп ойлау ерекше күйге бөлейді. Міне, осы ерекше күй жақсы ісіңізге қуат беріп, оны өсіруге кіріседі.

Халықта «Алғың келсе алдымен бер», «Сыйға – сый, сыраға – бал», «Не ексең – соны орасың» деген нақыл сөздер бар. Екінші қадамда сол егілген жақсылықты өзіңізге өсіп қайтуы үшін қуану, эмоция маңызды.


3-қадам: Осы эмоцияны сақтап, көңілді күйде ұйқыға жатыңыз. Алғашқыда медитацияға 20 минут арнауыңыз мүмкін. Кейін үйреніп алған соң 5-10 минутта жылдам орындауды үйреніп аласыз.


Егер өміріңізде қуанышты, бақытты сәттер көбірек болсын десеңіз, алғысты, қайтарымын ешкімнен күтпей-ақ жақсы, пайдалы істерді жасай беріңіз. Бірақ міндетті түрде күнде кешке сол істерді еске түсіріп, өзіңізді өзіңіз мақтап, қуануды ұмытпаңыз. Сонда ғана жақсы істеріңіз тезірек өзіңізге қайтады.

Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Таңертең КЕШ ОЯНУ неге ЗИЯН?


КӨП тамақ ЖЕУДІ тоқтатудың 3 әдісі