​«Мен күйеуімді отбасына қалай қайтардым?»

0
12 494

Тамараның әрекетінен нәтиже шығып, ат айналып қазығын тапқан.


​«Мен күйеуімді отбасына қалай қайтардым?»

фото: mirnastroenee.ru

Әр түрлі себеппен отбасын тастап кетіп жатқан отағасылар бар. Себебін және кінәліні анықтамаймын. Ақтамаймын, даттамаймын. Мен тек кеткен күйеуді отбасына қайтарудың жолдарын ғана нұсқаймын. Отағасын отбасына қайтарудың бір әдісін білем.

Мен тек білем, бірақ өз тәжірибемде қолданып көрмегенмін. Бұл әдісті бір кабинетте бірге отыратын Тамара есімді апайдан естідім.

Ол өмірден көрген азабы да, сонымен қатар білетіні де көп әйел. 35 жасында күйеуі төрт баламен тастап кеткен екен. «Егер, сол кезде өзім әрекет етіп, отбасына қайтармағанымда не болар еді?» дейді өзіне-өзі сұрақ қойып. Расында да, мұндай жағдайда қол қусырып қарап отыруға болмайды. Әркім бақыты үшін күресуге және бақытты болуға құқылы!

Тамараның әрекетінен нәтиже шығып, ат айналып қазығын тапқан. Әрине, Тамараның тартқан тауқыметі аз болмаған. Оны таратып жазбай-ақ қояйын. Біреудің мұңы кімге қажет дейсіз?! Одан да оның өмірінің көпке қажет болар, ой салар тұсына ғана тоқталайын.

Сонымен, Тамараның отағасын отбасына қайтаруда қолданған амалы мынандай:

«Құранның қасиетті аяттарына жүгінгенді жөн санадым»

- Құран кітапты сатып алатын артық ақшам жоқ еді. Сондықтан да кітапханаға барып, Құран сүрелерін сұрастырдым. Кітапханашы қолыма З. Қожамыловтың «Рухани емшілікғаламаты: Құран аяттары емдік қасиеті» (Алматы: «Шалкөде», 2006 – 190 бет) атты кітабын ұстатты.

Парақтап отырып, кітаптан іздегенімді таптым. «Жеңіл жүрісті махаббат байланысын тоқтату» деп тақырыпша қойылған бетін түгелдей көшіріп жазып алдым.

Онда былай деп жазылған: «...Кейде ер және әйел адамдар өздерінің заңды некелері бола тұра немесе некелілер некесіздермен өзара рұхсат етілмеген, адамдыққа жат жеңіл жүрістік махаббат байланысына ұрынады. Осы­ның салдарынан отбасында бүліну, ұрпақ тазалығының бұзылуы, некесіз ұрпақтың дүниеге келуі сияқты әрекеттер өмір­де кездесуде. Бұдан құтылудың жолын Қасиетті Құран аяттарынан іздегенді діни ғұламалар өз уағында тәжірибеден өткізіп, оң нәтижесіне баға беріп, адамзаттың ұрпақ тазалығы мен отбасы бүтіндігіне арнап, өздерінің тұжырымдық еңбек­терін қалдырған. Ол үшін ыдысқа су құйыңыз. Дәрет алып болғаннан кейін Құранның 21-ші сүресі – Әнбия сүресінің 87-аяты, 24-ші сүресі – Нұр сүресінің 35-аятын және 2-ші сүресі – Бақара сүресінің 255-аятын 3 реттен оқыңыз» деп жазылған. Сосын аталмыш аяттар берілген:

«Бисмиллахир рахманир рахим
Лә иллаха илла Анта Субханака Инни Кунту
Миназзалимин
Аллаху Нуруссамауати Уалард
Латахузуху синатуу уала навм».

Осы аяттарды үш рет қайталап оқып, су толы ыдысқа үшкіріп, осы суды жеңіл жүрісті адамға 40 күн бойы беріңіз».

Мен 5 литр суға қасиетті сүре аяттарын үш рет оқып, күйеуім ішетін суға қосып қойдым. Кейін әр күні суға аяттарды үш рет қайталап оқып үшкіріп отырдым. Ол судан өзім де іштім. Содан бері бірталай жыл өтіпті. Бақытты, тату өмір сүріп жатырмыз. Қазір немерелеріміз бар, - деді Тамара апай.

Ерекекте ес жоқ қой, ол қай жаста да адасып, шатасуы мүмкін. Сондықтан да бұл барлық әйелге қажет боп қолар деп ойлаймын. Әрине, құдай сақтасын. Дегенмен, құдай да сақтанғанды сақтайды. Парақшаңызға сақтап қойыңыз, артық болмас.

Табиғат ҚАЛЫБЕК.

ERNUR.KZ