Не үшін «ШҮКІР» деп айту керек?

0
4 308

Осы бір ауыз сөзбен сіз берекеңізді арттыра аласыз.


Не үшін «ШҮКІР» деп айту керек?

Сіз білесіз бе, Аллаһтың 99 есімінің бірі – «аш-Шакур» деп аталады. Қазақшаласақ, ол «Шүкір» болады. Ал, «Шүкір» деп жиі айтсаңыз, бұл Жаратушыны еске алғаныңыз боп саналады.


ПАЙДАСЫ

1. Қасиетті Құранның 2-сүресі, яғни, Бақара сүресінің 152-аятында: «Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар» делінсе, ал 14-сүренің 7-аятында «Сол уақытта Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты» деп жариялады» деп жазылған.

2. Сондай-ақ, Құран ілімін зерттеушілер «аш-Шакур» сөзін күніне 40 рет қайталап жүрген адамның ризық-несібесі артатынын айтады.

3. Өміріңіздің көлеңкелі тұстарын емес, жарқын жақтарын көруге үйретіп, түңілуіңізге 9 себеп болса, көңілді болып жүруіңізге де 9 себептің бар екенін ұқтырады.


Ендеше, дәл қазір «шүкір» деп айтуыңызға 10 себеп тауып жазыңыз. Мен барлық адамда «шүкір» деп айтуға себеп табылады дер едім. Және де қайғырамын десе де кез келген адамға түңілуге себеп табылады. Дұрысы, өмірдің қараңғы тұсын тінти бермей, жақсы жағын да көре білген жөн болар!


Ой=Энергия! Ойыңыз қайда - қуат та сол жерде!

Сондықтан да проблемаларыңызды ойлаған сайын, ол да көбейе береді.

Олай болса, ойыңызды өміріңіздегі жақсы нәрселерге бағыттаңыз!


МЫСАЛ: Бай-бақуатты адам таңертең жұмысына асығып, бір шыны кофе ішіп терезеден сыртқа қарап тұр. Ауладан алысырақ орналасқан қоқыс жәшігінен ас іздеп жатқан бір қаңғыбас шалды көзі шалып қалады.

Егер, сіз дәл осындай көріністі көрсеңіз, не дер едіңіз?

Ал, әлгі табыскер азамат «Шүкір, мен кедей емеспін! Табыс табуға мүмкіндік берген, ақыл-білім, күш-қуат берген өміріме ризамын! Қоқыстан ас іздеуден құдай сақтасын!» депті.

Подъезден шығып бара жатып, көршісінің балконынан секіріп түскен іш киімдегі жас жігітті көреді де күледі. Мән бермейді, ол үшін бұл көріністің маңызы болмайды. Ал, сіз не дер едіңіз?

Қоқыстан ас іздеп жатқан қаңғыбас шал көпқабатты үйдің балконынан тыржалаңаш секіріп түсіп, қашып бара жатқан еркекті көріп «Е-е, осындай да есуастар бар. Шүкір, менің ақыл-есім сау. Құдай, ақылымнан адастырма!» депті.

Әлгі жалаңаш жігіттің алдынан «жедел жәрдем» шығады. Көпқабатты үйдің алдына тоқтап, одан асыға түскен екі фельдшерді көрген жігіт «Денсаулығым жақсы, он екі мүшемнің сау болғаны үшін шүкіршілік етемін» депті.

«Жедел жәрдем» мамандары инсульт алып, денесінің бір жағы жансызданып қалған әжейді көлікке көтеріп мінгізіп, ауруханаға алып кетеді. Ол аурухана дәлізінде отырғанда қасынан ақ халаттылар алып өтіп бара жатқан өлі денені көріп шошиды. Сосын «Шүкір, мен әлі тірімін» деген екен.

Есіңізде болсын, тек өлген адам ғана «шүкір» мен «алғыс» айта алмайды. Ал, сіз тірісіз бе? Онда тірі болғаныңыз үшін шүкіршілік етіңіз, өміріңізге риза болыңыз. Ұйқыға жатарда өміріңізге, тағдырыңызға алғыс айтыңыз. Ал, таңертең ұйқыдан тұрғанда қолыңызды, аяғыңызды ұстап көріңіз, тірісіз бе? Ал күн сайын әлемде қанша адамның ұйқыдан тұра алмай о дүниеге аттанып кетіп жатқанын білесіз бе? Ал, сіз бүгін ояндыңыз, демек тірісіз. Ал, тірі адам шүкір айта білуі тиіс.

Осылай дей қалсам, таныстарымның арасынан «Неге алғыс айтуым керек?» деп өзіме бас алып, қарсыласады. Мұндайда мен іштей «Бүгін аяғыңмен басып жүрген жер ертең аспаныңа айналады. Сол кезде жер бетіндегі әрбір жұтқан ауауға зар боласың. Сол кезде қазіргі өміріңнің әлдеқайда жақсы екенін, оның бағасын білмей жүргеніңді ұғасың» деймін.

Иә, қазір ұқпайтындар кейін ұғады.

(суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ұйқы өте маңызды! Оны бұзуға сәбиіңізден басұа ешкімнің құқы жоқ!

Мәселеңізді шеше алмай жүрсеңіз, «Хоопонопоно» әдісін қолданып көріңіз