ҮЙЛЕНЕТІН қызды АЯҒЫНА ҚАРАП тануға болады (тест)

0
9 177

ЖІГІТТЕРДІ де осы тест бойынша СЫНАП көруге болады.


ҮЙЛЕНЕТІН қызды АЯҒЫНА ҚАРАП тануға болады (тест)

Ата-бабамыз «Жігітті досына қарап таны» десе, психолог мамандар қыздың отырысына қарап, ол туралы біраз мағлұмат алуға болады дейді.


Бұл қаншалықты сәйкес келеді? Тексеріп көрейік. Сіз (ол) отырғанда көбінесе аяқтарыңызды қай қалыпта ұстайсыз? Қай қалып ыңғайлы?

А) Оң аяғын сол аяғының үстіне қойып, айқастырып отыратындар өзіне сенімді. Содан болар, ол өзін еркін ұстайды. Кемшіліктерін жасырмайды.

Өзін-өзі бағалауы жоғары. Бірінші орынға өзін қояды. Айтқанын орындата алады. Отбасында да, жұмыста да басқарғанды жақсы көреді.

Не нәрсенің де сағызша созылғанын қаламайды, сондықтан да ойын ашық айтады. «Ертең» деген сөз оны ашуландырады. Ол үшін барлық нәрсе тез, жылдам, бүгін болуы керек. Күтуге шыдамы жетпейді.

Бірсарындылық оны жалықтырады. Әрдайым өзгеріске ұмтылады. Жарқырап жүргенді, әдемілікті, көш басында болғанды ұнатады. Соған тырысады.

Кез келгенмен тіл табысып кете алады. Досы, құрбысы көп. Бірақ оңайлықпен кез келгенді өз әлемінің территориясына кіргізе салмайды. Талапшыл.


Б) Аяқтарын біріктіріп, түзу отыратындар өзін ешкімнен жоғары да, кем де санамайды. Аузын ашса жүрегі көрінетін ақкөңіл де емес, ішімдегіні тап деп отыратын тұйық та емес.

Тәртіпті. Ойы да, сөзі де, өмірге көзқарасы да түзу. Барлығын келісіп шешіп, өзгелердің ойымен санасып, қорытынды шығарады.

Қатарының алды болуға тырыспайды, бірақ,соңында да қалып қойғанды жөн көрмейді. Асықпайды, бірақ, бәріне өз уақытысында үлгереді.

Таразы басын тең ұстайды. Шындық, әділдік, адалдық – оның жолы. Өзгеден де соны талап етеді.

Сырт көзге салқынқанды боп көрінгенімен, жанашыр дос, күйеуінің жағдайын жасай білетін адал әйел бола алады.

Түсінігі мол. Өз дегеніне қадалып отырып алмайды, көптің қалауына, жағдайға қарай, ой-пікірін, жоспарын өзгертуі оңай.


В) Отырғанда салмақты табанына салып, аяқ ұштарын жиі жоғары көтеріп отыратындар қырсық. Бұл қасиетінің отбасында, достармен қарым-қатынаста зияны болғанымен, кәсіпте, жұмыста, өзін-өзі дамытуда пайдасы көп.

Сын-пікірді дұрыс қабылдай алмайды. Тез ашуланады. Табан астында бұртиып, ренжіп қалады. Әзіл-қалжыңды көтере алмайды. Ренжіткен адамды кешіруі қиын.

Мақтаусүйер. Бала сияқты аңғал. Мұндай адамдар мақтаусөзден шабыт алады.

Бірбеткей мінезі де бар. Кекшіл. Намысшыл. Алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды. Бірақ көңілі қалса бері қарауы, сағы сынса қайтадан өзіне келуі ұзақ уақытты қажет етеді.


Г) Ұяң. Ұялшақ. Табиғаты жұмбақ адам. Қанағатшыл.

Қақ-соқпен, өзгенің өмірімен шаруасы жоқ. Оңаша жүргенді жақсы көреді. Эгоист.

Жақсы қасиетінің бірі – адам жанына терең үңіле алады. Адамды көзінен, сөзінен бір көргеннен тани біледі. Бетпердесінің артындағы шынайы болмысын көре алатын сұңғыла. Бірақ осынысына қарамай басқалардың ықпалына тез түседі. Өзгенің айтқанына тез келіседі.

Қызылды-жасылды дүниеге қызықпайды. Өзгелердің сөзі, мәселесі уайымға салмайды. Көтер алмайтын шоқпарды беліне байлап, қиналмайды. Өзіне ұнайтын іспен айналысып, өмір ағысымен жайбарақат, тыныш өмір сүргенді қалайды.


Д) Қызғаншақ, бірақ, эмоциясын жасыра алады. Ішінде от жанып, қаны қайнап жатса да, басқаларға сездірмейді.

Бала кезде ата-анасының сүйікті перзенті болғанды жақсы көрсе, есейгенде достарының ортасындағы жұлдызы, оқуда озат болуға ұмтылады.

Әрқашан бірінші, ең жақсы болуға барын салады. Бірақ бұны сыртқа байқатпайды. Сырт көзге нәзік, әлсіз, салмақты боп көрінеді, бірақ, мінезі өте қайсар, қайратты. Қалауына, діттегеніне жету жолында өзін де, өзгені де аямайды.

Табанды. Осы қасиетінің арқасында мақсатына, көздегеніне жете алады.

Қателесуге жол бермейді. Асықпай жүріп, анық басатынның нақ өзі.


Психологтар отыру қалпын өзгерту арқылы мінезді де өзгертуге болады дейді. Яғни, егер өзіңізге мінез-құлқыңыз ұнамайтын болса, онда суреттегі қалыптардың біріне әдеттену арқылы өзгерте аласыз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


НЕГЕ сізді бәрі РЕНЖІТЕ БЕРЕДІ?

Жақсы көретін ЖЕМІСіне қарап МІНЕЗін білуге болады (тест)