ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаты Сауранда бірқатар кездесу өткізді

0
786

Референдумды бір ауыздан қолдауға шақырды.


ТҮРКІСТАН: Мәжіліс депутаты Сауранда бірқатар кездесу өткізді

Мәжіліс депутаты Сауран ауданында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістаноблысына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді халықпен кездесіп азаматтарға жан-жақтытүсіндіру мақсатында арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі Құдайберген Ержан Сауран ауданы Жүйнек және Шорнақ ауылдарының тұрғындарымен кездесті.


Кездесуге Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, облыстық мәслихат депутаттары Әуен Кеңес, Насиба Атаева, аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Сағынбек Асылбеков қатысып, жиналғандарды референдумды бір ауыздан қолдауға шақырды.


«Менің ойымша кез–келген ақпаратты халыққа түсінікті тілде дұрыстап жеткізу маңызды. Референдум өтетінін жалпақ жұрт естіп, білгенімен, көпшілігі нақты қандай заңдарға, қандай өзгерістер енгізілетінін толық хабары болмай жатады. Бұл заңды дүние, десек те, біз бұл олқылықтың орнын толтырып, сіздердің алдарыңызға келіп, кездесулер өткізіп, сіздерге түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Ендеше 5 маусым күнгі референдумға барғанда сіздер қандай таңдау жасайтындықтарыңызды жақсы білулеріңіз маңызды. Біз азаматтармен кездесіп Конституцияға енгізілетін өзгерістермен толықтырулардыжан-жақты түсіндіріп айтып, туындаған сұрақтарына жауап берген кезде адамдардың референдумға деген көзқарасы өзгеріп, қолдайтындықтарын айтып жатады», - деді Қ. Ержан.


Одан әрі депутат референдумнан оң өзгерістер күтетінін атап өтті. 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертетін болады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр.


Мұнан соң штаб мүшесі М.Қазыбеков атындағы жалпы орта мектеп ұжымымен кездесті. «DevaLux» ЖШС-і және «ИП Құдірет» мекемесінің қызметкерлерімен жиын өткізді. Сондай-ақ, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен жүздесті. Депутат жиналғандарға жалпыхалықтық референдум туралы, дауыс берудің ережелері мен шарттары жайлы айтып, қабылданатын әр өзгеріске жеке-жеке түсініктеме берді.


«5 маусымда Қазақстанның болашағын айқындайтын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылданады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек», – деді мәжіліс депутаты.