ТҮРКІСТАН: Сарыағашта конституциялық өзгерістер талқыланды

0
595

Мәжілісмен Парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі жөнінде халыққа жан-жақты түсіндірді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта конституциялық өзгерістер талқыланды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедов Сарыағаш ауданына келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедов Сарыағаш аудандарының тұрғындарымен кездесіп, референдумның мән-маңызы турасындағы сауалдарға кеңінен жауап берді.


Жиынға аудан басшысы Нұрболат Талипов, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, аудандық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары жетекшілері мен мүшелері қатысты. Кездесу барысында халық қалаулысы референдумның маңыздылығына тоқталып, Парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі жөнінде халыққа жан-жақты түсіндірді.


Жиында аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Б.Анарметов, аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Л.Тағаева, аудандық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы М.Мамараимов, аудандық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілі М.Давлетов сынды бірқатар кісілер сөз сөйлеп, алдағы референдумға белсене атсалысатындықтарын жеткізді.