Қиялдағы зымыран – ертегі. Жібек Зинелова

0
2 354

Ол қолына дүрбісін алып, аспан әлемін қызықтай бастады. Қызық болғанда,аспанда сандармен белгіленген ғаламшарларды көрді.


Қиялдағы зымыран – ертегі. Жібек Зинелова

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Алдияр аспанды тамашалап тұр. Қараңғытүнде жұлдыздар жарқырайды. Ол қолына дүрбісін алып, аспан әлемін қызықтай бастады. Қызық болғанда,аспанда сандармен белгіленген ғаламшарларды көрді.Көргендеріне сенбей, таңқалған балақайдың жүрегі тез-тез соға бастады. Әр планетаға қып-қызыл түспен сандар жазылған. Сандар кезекпен тоғыз ғаламшарда қатар орналасқан.1, 2, 3, 4, 5 деп кете береді...


Алдияр осысандар ғаламшарларынжақыннан көргісі келді. «Оларды көз алдымда көрсем ғо-о-й!» деп армандады. Тура сол кезде ақылына бір ой сап етті. Ол ойында ғарышқа сапар шегетін зымыран жасады. Тіпті ойындағы зымыранға «Қиялдағы зымыран» деп ат қойды. Ғарышкердің киімін киіп, зымыранға отырды. Зымыран ұшуға дайындалды. Бір кезде он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір! Ұшты!


Ол бірінші ғаламшардан бастап көргісі келіп, зымыранын соған қарай бағыттап отырды. Зымыранның дәл жанында жұлдыздар көрінді. Бәрі Алдиярға күлімдеп қарады. Алдияр да оларға басын изеп, амандасып келеді. Алдиярдың аспан әлеміне ұшып келгені бәріне қуаныш сыйлады. Бұлт түрлі түсті шарға айналып, жұлдыздар жымыңдап,бәрі мәз-мейрам болысты.


Бір кезде Алдияр бірінші нөмірлі ғаламшарға келіп тоқтады. Тып-тыныш. Жақын жерде ғарыштағы күмістен жасалған үй тұр екен.


Үйде не бар екен деп қызығып, оған жақындай түсті. Бірақ керемет үйден тірі жан табылмады. Тіпті осы ғаламшарда күміс үйден басқа ештеңе жоқ болатын. Сөйтіп ол сапарын жалғастырғысы келді.


Зымыран енді екінші ғаламшарға қарай зымырай жөнелді. Кішкентай жолаушыны көтерген зымыран, ғаламшарға келіп қонды. Бұл ғаламшарда үнсіздік жайлаған. Әрі-бері жүріп, көзіне ілігерлік ештеңе таппады. Сол кезде бір дауыс естіп қалды. Қараса «Аф-аф-аф» депүріп, ғарыштағы күшіктер жанына келіп қалыпты. Бәрі сондай сүйкімді күшіктер. Бірақ бұл ғаламшарда күшіктерден басқа түк жоқ еді.


Алдияр зымыранына отырып алып, үшінші ғаламшарға жетті. Бұл ғаламшарда үш ғарыш кемесі бар екен. Біреуі жұлдыз, біреуі ай, біреуі күн пішінді кемелер.


Енді Алдияр төртінші ғаламшарда не бар екен деп тезірек соған жетуді қалады.Бұл ғаламшарда ғарыштағы ғажайып төрт түйір қарбыз бар еді. Алдияр қызығып кетіп, қарбыздарды жарып көрді.Әр ғаламшардың өзіне тән ерекше заттары бар екен. Кеттік, келесі ғаламшарда не бар екенін бірге тамашалайық!


Бесінші ғаламшарға келгенде Алдияр өз көзіне өзі сенбеді. Себебі ғарыштағы бес балақай оны күлімдеп қарсы алып тұрған еді. Бәрі бірге ойын ойнап, әбден көңіл көтерді.Алдияр балалармен қимай қоштасып, келесі ғаламшарға сапарын жалғастырды.


Бұл ғаламшарда тіптен қызық сый күтіп тұрған еді. Қараса алты түрлі велосипед дайын тұр. Ғарыштағы велосипедтер өте ерекше екен. Алдияр әрбіріне мініп көріп, рақаттанаайдап көрді. Содан кейін өзінің зымыранына мініп, жетінші ғаламшар қайдасың деп тартып отырды.


Жетінші ғаламшарда оны жеті түрлі ғарыштағы робот ешкілер күтіп тұр екен. Зымыраннан түсе сала, оларды қызықтауға кірісті. Бір қызығы, робот ешкілердің мүйізінде тұрған түймелерді басса, жеміс суын беретін болып шықты. Біреуі бананмен, біреуі шиемен, енді біреуі какаомен, сүтпен береді екен. Аһ, қандай керемет! Жетінші ғаламшар Алдиярдың көңілінен шыққан сыңайлы!


Зымыранға міне сала, сегізінші ғаламшарға жетіп келді.Сегізінші ғаламшарда ғарыштың сегіз түрлі қызғалдағы өсіп тұр екен.Гүлдердің исі жұпар аңқиды. Алдияр әр гүлдің жанына барып, жеке-жеке иіскеп шықты.Артынан зымыранына мініп, соңғы ғаламшарда не бар екенін көруге асықты. Әп сәтте тоғызыншы ғаламшарға ұшып барды.


Тоғызыншы ғаламшарда үлкен жеміс ағашын көрді.Бірақ бұл ағаштың ерекшелігі әрбір бұтағында әр түрлі жеміс өсіп тұр екен. Алдияр ағаштағы жемістің атын бір-бірден атап шықты. Артынан қолына дүрбісін алып, ғарыштан басқа баратын жер іздеді. Бір кезде сыртында 0 деген сан жазылып тұрған, көңілсіз бір ғаламшарды көріп қалды.Зымыранға қарғып мініп, тезірек әлгі ғаламшарға жеткісі келді.


Алдияр нөл деп жазылған ғаламшардың неге жылап тұрғанын сұрады.

  • Мен жалғызбын. Менің жанымда ешкім жоқ, – деп жауап берді нөл.
  • Уайымдама! Қазір бір мәнісін табамыз,– деп жұбатты Алдияр. Ойланып тұрды да, бір кезде «ТАПТЫМ!» деп айғайлап секіріпжіберді.
  • Білесің бе, мен саяхаттаған барлық ғаламшарларда біртүрлі көңілсіздік бар. Себебі бәрі жалғыздықтың зардабын тартып жүр екен. Егер олардың бәрі сенің жаныңа жиналса, көңілді болатын секілді, – деп Алдияр мәселеніңшешімін тапқанына риза болды.
  • Ұлым, ұйықтайтын уақытың болды, – деген дауыс естілді. Алдияр өз қиялынаншығып, лезде бөлмесіндегі терезе алдында тұрған кезіне оралды. Ойша зымыранынан қарғып түсті де, анасына «Әрине, қазір анашым» деп жауап қатты.


Осы пікірін басқа ғаламшарларға да айтқысы келіп, зымыранына мініп алды. Барлық ғаламшарға қайтадан ұшып кетті.


Алдияр барлық ғаламшарға мәселенің шешімін көрсетті.Олардың бәрі бұл пікірге келісті. Сөйтіп бәрі алғашқы кездесу мерекесіне қызу дайындалды. Мереке күнібәрі уайымдап, қалай өтеді екен деп қобалжыды. Алайда олар тез достасып кетті. Бәрі достық әнін шырқап, шат-шадыман болды.Тура сол кезге келгенде сырттан:


- Ұлым, ұйықтайтын уақытың болды, – деген дауыс естілді. Алдияр өз қиялынаншығып, лезде бөлмесіндегі терезе алдында тұрған кезіне оралды. Ойша зымыранынан қарғып түсті де, анасына «Әрине, қазір анашым» деп жауап қатты.


Зинелова Жібек Құрашқызы – Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген. Аудармашы, автор. Балаларға арналған «Кәмпитті жеген кім?», «Кербезмүйіз», «Әдептілік қағидалары», «Қиялдағы ғаламшар», «Сұр қоян», т.б кітаптарының авторы. Әңгіме, ертегі, фэнтези жанры бойынша ересектер мен балаларға арналған шығармалар жазады.