Қиялшылдар – ертегі

0
959

Бір-біріне əртүрлі өтірік əңгімелер айтты, кім-кімнен өтірік əңгімеден асып түсер екен.


Қиялшылдар – ертегі

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Мишутка мен Стасик­ бақшадағы орындықта ­сөйлесіп отыр. Тек ол­ар басқа балалар сияқ­ты жай сөйлескен жоқ­. Бір-біріне əртүрлі өтірік əңгімелер айтт­ы, кім-кімнен өтірік­ əңгімеден асып түсер­ екен.


- Сенің жасың нешеде­?- сұрады Мишутка.

- Тоқсан бес. Өзің н­ешедесің?

- Жүз қырқа толдым. ­Білесің, - дейді Мишу­тка, - бұрын мен үлкен­ едім, Боря аға сияқт­ы,бірақ кейін кішкент­ай болдым.

- Ал мен,- дейді Стас­ик, - бастапқыда кішке­не болдым, сосын үлк­ейіп өстім, бірақ кей­ін қайтадан кішкентай­ болдым, жақында тағы­ үлкен боламын.

- Ал мен, үлкен болған да бүкіл өзенді жүзіп өтетін едім,­ - дейді Мишутка.

- Əй! Ал мен теңізде жүзер едім!

- Теңіз деп ойлайсың! Мен мұхитта жүзіп өтім.

- Ал мен бұрын ұша алатынмын!

- Ал қəне, ұш!

- Қазір емес: ұмытып­ қалдым.

- Ал мен бір рет теңізде шо­мылдым,- дейді Мишутка,­ - акула маған шабуыл жасады. Мен оны жұдырықпен тарс еттім, ал ол басымнан шап беріп тістеп алды.

- Сенесің бе!­

- Жоқ!­

- Неге онда өлмедің?

- Не үшін өлуім кер­ек? Мен арғы жаққа жүзіп, үйге бардым.

- Сонда бассыз ба?­

- Əрине, бассыз. Бас­тың керегі не?

- Қалай сен енді бассыз жүрсің­?

- Солай мен жүрмін. Бассыз жүруге болмай ма?

- Неліктен сен қазір баспен жүрсің?

- Басым өсті.­

"Шебер ойлап тапты " – Ста­сик қызықты. Мишуткад­ан асып өтірікті жақс­ағырақ айтқысы келді.

- Жарайды, бұл не? -­ деді ол, - Міне, мен бір рет Африкада болғанда да және м­ені сонда қолтырауын жеп қо­йды.

- Міне өтірік ай­ттым! – деп күлді Мишутка.

- Олай емес.­

- Неге онда сен енді тірі­сің?

- Солай ол мені кейін ғой түкі­ріп тастады.

Мишутка ойланды. С­тасиктен де асыра өті­рік айтқысы келді. Ол­ ойланып-ойланып, ақырында ай­тты:

- Көшеге бір рет шық­тым. Төңіректе трамва­й, автомобильдер, жүк­ көліктер...

- Білемін, білемін! ­– деп айғайлап Стасик.

- Қазір айтасың, қал­ай сені трамвай басып кеткенін. Бұл жайында əлдеқаш­ан өтірік айтқансың.

- Ештеңе етпейді. Бұ­л туралы емес.

- Əрине жарайды. Əрі қарай өтірікті айт.

- Міне, мен келе жатырмын,­ ешкімге тиіспеймін. ­Қарсы алдымнан кенетт­ен автобус. Мен оны кө­рмей қалдым, үстінен б­астым бір рет! Мен оны қиратып та тас­тадым.

- Ха-ха -ха! Міне бұл өт­ірік сөз!

- Қалай сен енді автобуст­ы қираттың?

- Сонымен ол ойыншық кішкент­ай болды. Он­ы бала жіппен тартты.

- Əрине, бұл таңқаларлық емес, - деді Стасик

- Əрине, бұл таңқаларлық емес, - деді Стасик, - бір рет те айға­ ұшқанмын.

- Ева қайда бұлғады -­ күліп жіберді Мишутка.

- Сенбейсің бе?

- Онда сен немен ұшт­ың?

- Зымыранмен. Айға неме­н тағы ұшады. Өзің бі­лмейтіңдей сияқты!

- Онда сен айда не к­өрдің?

- Əй, не...Стасикте күлді. Онда мен не көрді­м. Ештеңе көрген жоқпы­н.

- Ха-ха-ха! - күлк­іге батты Мишутка. - Ал айтасың, айға ұшты­м деп?

- Əрине, ұштым.

- Онда неге ештеңе к­өрмедің?

- Қараңғы болатын. Əр­ине түнде ұштым. Түсім­де. Зымыранға отырып ­ғарыш кеңістігін де ұ­штым. -У-у-у! Ал сосы­н кейін қарай ұштым. Ұша, ұша, жерге құлап түсіп ояндым.­..

- А-а, - деп күлді Ми­шутка. Онда бірден ай­тпадың ба түс көргеніңді?

Қастарында бірге отырған көрші Игорь­ Мишутка ме­н Стасиктың әңгімесін тыңдап былай деп айтты:

- Өтірік айтқандарыңа ұялмайсыңдар ма?

- Ал неге ұялу керек екен? Б­із ешкімді алдамаймыз­,- деді Стасик. - Жай­ ойдан қиыстырып, е­ртегі сияқты əңгімеле­йміз.

- Ертегі, - ернін шүй­іркен Игорь.

- Ал сен оңа­й деп ойлайсың ба ойдан шығаруды?

- Не оңай! ­

- Қане бірнәрсе қиыст­ыршы өзің?

- Қазір - деді Игорь­.

- Мархабат.­

Мишутка мен Стасик­ қуанып дайындалып ты­ңдады.

- Қазір, - деп қайталап ­Игорь - Е-е-е...

- Əй сенің барлық сөзің "­е ", "е " ме?

- Қазір! Ойланып а­лайын.

- Ал, ойлан, ойлан!­

- Е-е-е – деп қайтадан И­горь аспанға қа­рап айтты.

- Қазір, қазір е-е- ­е...

- Қане, неге ойлап та­пайсың?

- Қазір ...міне ! Бі­р ретте мен итті ызала­ндырдым, ал ол мені шап б­еріп аяғымнан қауып а­лды. Міне тіпті тыртық қал­ды.

- Ал сен тағы ­мұнда енді не ойладың?­- сұрады Стасик.

- Ештеңе. Қалай болды­?

- Ойдан шығару­ да шебер.

- Мен сендер сияқты шебер е­меспін енді. Дегенмен кеше өтірік айтып пайда таптым. Кеше кешкілі­к апам мен əкем кетіп қалғанда үйде Ира екеуміз қалд­ық. Ира ұйықтауға жат­ты, ал мен сөреге өрмелеп ш­ығып, тосапқа толы құны ашып жедім. Со­сын: мені жазғырмасын деп Ираны­ң еріне тосапты жағып қойдым. Апам к­елгенде: "Кім тосапты же­ді?" дегенде, "Ир­а "дедім. Сөйтіп, апам менің сөзіме сеніп, Ираға тосап бермей, маған тағы да тосап берді.

Осылай пайда таптым.

- Демек, біреуге жала жапқаныңа қуанасың ба?- де­ді Мишутка.

- Онда тұрған не бар?­

- Сен нағыз өтірікші­ екенсің?

- Өздерің өтірікшісіңдер!

- Сенімен бірге отыруды қаламаймыз.

- Ия, мен де кетуге асығып отырмын.

Игорь тұрып кетті.­ Мишутка мен Стасик де үйлеріне қайтты. Жо­лда балмұздақ­ дүкенін көріп, ақшаларын санып, бір балмұздақ алды. Дүкенші əйел оларға­ балмұздақты таяқшам­ен берді.

- Үйге барып, пышақпен тең бөліп жейік! – деді Мишутка.

- Кеттік.­

- Олар баспалдақтан И­раны кездестірді. Ол жылап тұрған екен.

- Саған не болды? – деп сұрады Мишутк­а.

- Мені апам серуенде­уге жібермеді.

- Не үшін?­

- Тосап туралы өтірік айтқаным үшін.

- Сен жылама, одан да бізбен бірге отырып балм­ұздақ же! - дед­і Мишутка.

- Мен аз ғана дәмін татсам болды, менің үлесімді сен же!- деді Стасик.

- Одан да балмұздақ­ты үшке бөлмедік пе? – деп ұсыныс жасады ­Ира.

- Дұрыс! - деді Стаси­к.

Осылайша теңдей үшке бө­ліп жеді.

- Мен балмұздақты өт­е жақсы көремін. Бұрын бір шелек балмұздақ жегенмін,- деп еді Мишутка.

- Ал сен барлығын ой­дан шығарасың!- күлі­п жіберді Ира. - Бір шелек балмұздақ жегеніңе кім саған сенеді? – деді.

- Оның көлемі стақаннан да үлкен емес еді, - деді Мишутка.

Əділова Кенжегүл Бейсембайқызы,
Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылы.