АЯҚ ЖАЛПАҚ БОЛСА: жазда қандай аяқкиім таңдау керек?

0
675

Жаз мезгілінде ыңғайлы әрі сапалы аяқ киімді дұрыс таңдауды білесіз бе?


АЯҚ ЖАЛПАҚ БОЛСА: жазда қандай аяқкиім таңдау керек?

фото: ғаламтодағы ашық дереккөзден

Жаз мезгілі – күннің сәулелері қызып, шуағын адамзатқа тарататын мезгіл. Аталған кезеңде жеңіл киініп, ыңғайлы жүріп-тұрудың қамына кіріскен абзал. Терлеп, мазаңызды алмас үшін алдымен үстіңізге ілген шүберегіңіздің сапасына мән берген жөн. Ал, қимыл мен қозғалыстан шаршап қалмау аяғыңыздағының қаншалықты дұрыс таңдалғандығын көрсетеді. Аяқ киімді дұрыс таңдауда қателестірмейтін кеңестер назарыңызда.

Сатып аларда «Менде дәл осы түрі жоқ» деген қағидадан аулақ болыңыз.

Психологтардың айтуынша, зат сатып алардан бұрын көңіліңізде алдын ала жазылып қалған бейнені мүлдем алып тастаңыз. Бұл дегеніңіз, миыңызға құйылған бейне, сіздің жадыңызды одан әрі шатастырып, сапасыз дүниеге тап болуыңыз, ғажап емес.


Аяғыңыздың кемшілік тұстарын естен шығармаңыз

Кез-келген аяқкиімнің тек сәнді ғана емес, кемшілікті жасыра алатын қасиетке ие екендігіне көз жеткізіңіз. Оны естен шығарсаңыз, таңдауыңыз бекер кетері анық. Мәселен, бәшбайыңыздың орналасу реті қарапайым болмаса, саусаққа сұғар аяқ киім мен алдыңғы жағы жіңішке келеген "босоножкиді" кие алмайсыз.

Ұсақ сәнді тастармен өрнектелеген, алды ашық аяқкиімнен үзілді кесілді бастартыңыз. Дәл осындай кемшіл тұстарыңыздың барын алдын-ала білген болсаңыз алдыңғы жағы жабық, ал өкше тұсы ашық келген түрін таңдаңыз.


Аяғыңыздың көлденең тұсы жалпақ болса...

Похожее изображение

Дәл осындай шығыңқы сүйек түрі көп қыз-келіншектің әлсіз тұсы. Бұл жағдайда тым ашық немесе тым жабық аяқ киімдер сіздің аяғыңызға сай келмейді. Таңдауды қайық тәріздес туфли мен спорттық аяқ киімдерге бағыттағаныңыз дұрыс.


Аяғыңыздың жіңішкелігі қатты байқалып тұрса...

5,7.jpg

Дәл осындай типтегі аяқты өз аяғыңыздың формасына ұқсатсаңыз, сіз тек қана платформада ғана алшақ жүруіңіз керек. Дәл осындай аяқ формасындағылар қалаған аяқ киімін киюіне мүмкіндік мол. Тек сапасына аса мән бергейсіз.


Сәніңізді арттыратын – әдемі аяқ киім

Картинки по запросу красивые грубоватые босоножки

Егер де балтырыңыздың жуандығынан ыңғайсызданып, кейбір аяқ киімдердің жарасымсыз болып тұрғанын байқасаңыз жіңішке аяқ киімді таңдамағаныңыз жөн. Қаншалықты сәнді аяқ киім болса да, ол сіздің аяқ типіңізге сәйкес келмейді.


Ауа алмасуы – аяғыңызды дем алдырады!

Жаздың аптап ыстыңында замждан жасалған аяқ киімдер таптырмайтын бұйым. Себебі, сапалы замж ауаны еркін өткізеді. Жай былғарыға қарағанда, аталған материалдан жасалған аяқ киіміңізде өзіңізді керемет сезінесіз.

Жаз мезгілінде энергия тасып, көбіне адамдар белсенді келеді. Суық ызғарлы күндерге қарағанда жаяу жүру серуендеу едәуір көбейеді. Сондықтан та, аяғыңыздың ыңғайлылығы басты назарда болғаны дұрыс.


Ерлер жаздық аяқ киімге қаншалықты көңіл бөледі?

Сұлулыққа жаны құмар нәзік жандылардың маусымында бір имидж ауыстыруы заңдылық. Тиісінше, ер адамдардың арасында да сәні мен образына аса мән беретіндердің күн санап көбейіп келе жатқандығынан да хабардармыз. Сондықтан, жаз маусымында ер азаматтарға аяқ киімді қалай таңдау керектігімен де бөлісіп кетуді жөн деп таптық.

Жаздық туфли

Картинки по запросу мужские летние туфли


Аяқ киімнің бұл түрі ер көпшілік ер азаматтардың таңдауы. Классикалық үлгінің жаз мезгілінде ақшыл түстерін таңдауды кеңес етеді мамандар. Десек те, ең басты ескерте кетерлігі жасалған материалында. Жасандыдан аулақ болып, таза сапаның өнімін таңдау қажет. Себебі, біріншіден, таза өнімдер ауа алмасу процесін жүргізеді. Екіншіден, аяғыңыздың нәзік терілерін, қажеп, бөрпелер шығудың алдын алады. Үшіншіден, ұзақ уақытқа дейін киюге мүмкіндік береді.


Топсайдер мен мокасилер

Картинки по запросу мокасины летниеКартинки по запросу топсайдер летние

Бұл аталған аяқкиім түрі ер адамдардың Smart casual стиліне сәйкестендіріліп жасалған. Екеуінің айырмашылығы тек табанында ғана. Топсайдердің астыңғы бөлігі мокасиға қарағанда қалыңдау болып келеді. Джинсы шалбарларымен көбінесе үйлесетін бұл аяқкиімді кез келген ортаға киіп баруға болады. Тағы да айта кетерлік жайт, суреттегіде аяқкиімді жалаңаяқ кию керек болады. Ал, ыңғайсыздық тудырып жатса, сәнгерлер сіздің жаңдайыңызды да қарастырып қойған. Өкше мен бәшбайыңыздың арасын қосып тұратын қысқа шұлық кисеңіз болады.


Спорттық аяқкиімдер

Картинки по запросу летние спортивные обувьКартинки по запросу летние спортивные обувь

Жаз – спорттық аяқ киімдердің қажет ететін маусымдардың бірі. Бұл аяқ киіммен ұзақ сапарлар мен кез – келген ашық алаңдарда болатын жиындарда киюге болады. Ал, оның сапасының маңыздылығы мен қалай таңдауға болатыныналдыңғы жазбаларымызда анық-қанығын айтқан болатынбыз. Айта кетейік, жаздың аптап ыстығында матадан жасалған спорттық аяқкиімдер трендте.


Ашық аяқкиімдер (Сандалик)

Картинки по запросу летние мужские сандалики ка выбирать

Ашық аяқ киімдер ер адамдардың барлығы кие бермейді. Десе де, ең жеңіл әрі ыңғайлы түрі. Олар былғарыдан, резеңкеден сондай-ақ қарапайым матадан жасалған түрлері бар. Тауға шыға қалсаңыз, немесе шомылу науқанына таптырмайтын аяқ киім. Бұл аяқ киімді қысқа балақты шалбарлармен үйлестіріп киюге болады.

Ерлер мен әйел затының сәнінің бір-бірінен қалыспай келе жатқандығы көз қуантады. Жан-жақты образ, үйлесімділік барлығы сәйкесінше. Тек қана, сапасы мен ыңғайлылығын естен шығрмаңыз.

ERNUR.KZ

Дайындаған: Г.Әмірәлі

Тағы оқыңыз:

Ақ түсті АЯҚКИІМДІ жұмыртқаның АҚУЫЗЫ жақсы тазартады

Биылғы жаздың ЕҢ СӘНДІ киімдері - ТОПТАМА-2019

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет