Биік өкшелі аяқкиім таңдауда қателестірмейтін БЕС КЕҢЕС

0
358

Сатып алған соң өкінгенше, сатып алмай тұрып мыналарға мән берген дұрыс.


Биік өкшелі аяқкиім таңдауда қателестірмейтін БЕС КЕҢЕС

Суреттер: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Жас та, кәрі де заман талабына сай сәнді аяқкиім киюге тырысады. Алайда, оның қаншалықты сапалы әрі ыңғайлы екендігіне жіті назар аудара бермейді. Әдемілігін алға тартып, сұлулығына сүйсініп аларын алып, арадан біраз уақыт өткенде бармағын тістеп жатады.

Биік өкшелі аяқ киімдерді бір киіп көргеннен байқала бермейтін, адам денсаулығына зиянды қасиеттерін сезген соң не істейсіз? Әрине, жаныңызды шүберекке түйіп, шыдап жүресіз немесе қоқысқа тастайсыз. Екеуі де көңілге қонымсыз. Сондықтан, Қандай биік өкшелі аяқ киім ыңғайлы, қай түрі ыңғайсыз екенін бірден білудің бес әдісін ұсынамыз.


Бірінші әдіс

Биік өкшелі аяқ киімді таңдағанда ең алдымен өкше мен табан арасындағы ойыққа мән беріп қараңыз. Өкшенің биіктігі қаншалықты болса да, арасындағы ойықтың ұзындық өлшемі 3 см асуы қажет. Өкше мен табан арасы жақын болса, тобық пен тізеңізге зияны тиюі мүмкін.

Екінші әдіс

Келесі аса мән беретін мәселе - аяқкиімнің ішкі бөлігі. Табаныңыздың толық тиіп тұратын дығына мән беріңіз. Қазіргі арзан әрі ыңғайсыз аяқкиімдердің көпшілігі теп-тегіс болып келеді. Ал, адамның табаны тегіс болмайтыны белгілі. Бұл жағдайда сіз биік өкше кигеннен бастап 1 сағат көлемінде тізеңіз алға қарай шығып, жүру тепе-теңдігіңізден айырылып қаласыз. Алайда бұл мәселені шешудің бір жолы бар. Арнайы силиконды ұлтарақ сатып алыңыз. Ол сізді толық ыңғайлы қалыпта ұстамаса да, мәселеңізді едәуір жеңілдетеді.

Үшінші әдіс

Башпайларыңыздың бір бірінің үстіне міңгеспей, толық әрі қысылмай тұрғанына мән беріңіз. Аяқ ұшының дұрыс орналаспауы - балтыр сіңірлерінің тартылуына әкеліп соғады. Сондықтан да, мұндай аяқкиімдерден мейілінше аулақ болыңыз.

Төртінші әдіс

Сәннен қалмай, алысқа бармай аяқкиімін маусым сайын ауыстыратын ханымдарға тағы бір кеңес. Аяғыңыздың сау әрі шаршамағанын қаласаңыз былғарыдан жасалған аяқкиімдерді таңдауға тырысыңыз. Олар ауа алмастырып тұрады, иіс шығармайды және созылып өлшемін өзгертпейді.


Бесінші әдіс

Ыңғайлы аяқ киімді таңдауға барғанда міндетті түрде екі аяғыңызға да киіп көріңіз. Киіп қана қоймай, кем дегенде 5-10 минут арасында арлы-берлі жүріп көруге кеңес береміз. Ығғайсыздығын сезініп, бас тартуыңыз да мүмкін. Есесіне, одан жақсысын іздеуге мүмкіндік болады.

Деніңіз сау әрі сәннен қалмай жүруді қаласаңыз, біз ұсынған кеңестерді іс жүзінде қолданып көріңіз.

Дайындаған: Г.Әмірәлі,

ERNUR.KZ



Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет