​ Бренд атауларын дұрыс айтып жүрсіз бе?

0
145


​ Бренд атауларын дұрыс айтып жүрсіз бе?

Фото: Rb.ru

Бірден айтып қояйық, бұл тақырыпты қозғауға «Сале» деген дүкеннен киім алдым» деушілер себеп болды.

Бір қарағанда, әзіл секілді. Өйткені, ағылшын тілі өмірімізге етене енген қазіргі уақытта жиі қолданылатын сөздерді дұрыс оқымау және аудармасын білмеу мүмкін емес секілді. Десе де, түрлі бренд өнімдерін қолдана тұрып, оның атауларын дұрыс айтпайтын сәнқойлар бар.

Дүкенде тұрып қандай да бір марка атауының қалай айтылатынын білмей ыңғайсызданған кезіңіз болды ма? Ендеше, бұл ақпарат сізге арналады.

  • Balenciaga – француз бренді, дұрыс дыбысталуы «БаленсиАга».⠀
  • Мехх – нидерланд компаниясы қалыптастырған бренд «Мекс» деп дыбысталады.
  • Balmain – бұл да француз маркасы, атақты дизайнер Пьер Бальмның тегімен аталған. Сәйкесінше «БальмАн» деп дыбысталады. Екпін екінші «А» дыбысына түсіп, соңғы «н» дыбысы естілер-естілмес айтылуы керек.
  • Вurberry – Лондонның беткеұстар маркаларының бірі. Негізін қалаушы – Томас Бербери. Дыбысталуы – «БЁрбери».
  • Hermes – француздық сән үйі. Іргесін қалаушы – Тьерри Эрмес. Бренд атауы да «ЭрмЕс» деп айтылатыны анық. Ешқандай «Хермес» те, «Гермес» те емес.
  • Christian Louboutin – бұл марканың жазылуы көзге оттай басылғанымен, айтылуы әрқилы. Солардың арасындағы дұрыс нұсқа – «Кристиан ЛубутАн». Осы марканың аяқкиімін көбірек киіп, өзімсініп қалған сәнқойлардың «Лубис» деп еркелететіні бар енді. Жалпы, ол да қатеге жатпайды.⠀
  • Nike – америкалық брендтің атауын грамматикаға сүйеніп оқысақ, «Найк» болатыны ақиқат. Алайда, өз отанында және әлемнің көп елдерінде «Найки» деген нұсқа қолданылады және ең дұрысы сол болып саналады.
  • Louis Viitton – француздық сән үйі. Дұрыс дыбысталуы «Луи Виттон».
  • Givenchy – атауы аз-кем ойландырып қоятын тағы бір француз сән үйі. Негізін қалаған – Юбер Шиванши есімді дизайнер. Дизайнер тегі «Ш» әрпінен басталғанымен, бернд атауын «Ж»-дан бастаған дұрыс, яғни, «ЖиваншИ».
  • Yves Saint Laurent – француздық брендпен алғаш «кездескенде» атауын мүдірмей оқу мүмкін емес шығар. Әйткенмен, дыбысталуы жазылуы секілді соншалықты қиын да емес, жаттап алыңыз – «Ив Сен ЛорАн».
  • Carolina Herrera – венесуэла-америкалық дизайнер қалыптастырған бұл бренд атаын испан мәнеріне салып атаған абзал – «Каролина Эррера».
  • Zara – бір қарағанда өте оңай оқылады, сенімді түрде «Зара» деп кете береміз. Оған үйреніп те қалдық. Бірақ, испандық бренд өз туған тілінде «Дза-да» деп оқылады. Сіз тыңнан түрен салмай-ақ, үйреншікті «Зара» деген атауды қолдана беремін десеңіз, өзіңіз біліңіз. Ал бұл жай ғана бренд жайлы қызықты ақпарат болып қалсын.
  • Levi's – әлемнің көптеген елдерінде бұл атақты джинс киімдер брендін екі түрлі нұсқада атау қалыптасқан. Олар: «Левис» және «Левайс». Дұрыс атаушылар қатарына қосылғыңыз келсе, алғашқысын қолданыңыз.
  • Dsquared – бұл атаудың ең кең таралған дыбыстаулары: «Дискавер» және «Дискаверд». Екеуін де қолданбай, «Дискуаэд» деп қолданғандар сауатылық деңгейінің жоғарылығын көрсетеді.
  • Philipp Plein – «Филипп Плейн» деп оқырсыз сіз. Сіз ғана емес, Жер шарының көптеген түрғыны сөйтеді. Әйткенмен, брендтің негізін қалаушы дизайнер неміс ұлтынан екенін білетіндер неміс мәнерімен «ФилИпп ПлЯйн» деп оқиды. Calvin Klein-нің де «КЭльвин КлЯйн» екенін айта кетудің орайы келіп тұр.
  • Chloe – кейбіреулер айтып жүргендей «Хлое» де емес, «Члое» де емес, «КлоЭ». Яғни, батсапқы әріпті «К»-дан батсап, екпінді соңғы «Э» дыбысына түсіресіз. Француз мәнері соны талап етеді.

Лайфхак керек пе? Қандай да бір марка атауының дұрыс дыбысталуын білмей жүрсеңіз, жарнамасын тыңдаңыз. Жарнама әр кез өндірушінің тапсырымен жасалады және жіті қадағалаудан өтеді. Ол жерде бренд атауының дұрыс дыбысталмауы мүмкін емес.

Тізімдегі қай атау сіз үшін қиындық тудырып жүр еді? Ақпарат пайдалы болды ма?

Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет