Қарапайым көйлекпен сәнді әрі стильді образ жасау сырларын білгіңіз келе ме?

0
249

Ескі үлгідегі гүлді көйлекті үйге киіп тоздыруға асықпаңыз. Олар сән биігіне қайта шықты.


Қарапайым көйлекпен сәнді әрі стильді образ жасау сырларын білгіңіз келе ме?

Фото: ашық дереккөзден

Етегі көлбеңдеген гүлді көйлек әр әйелдің шкафынан табылады. Біреулер оны үй кимі ретінде көрсе, енді біреулер ауылдағы ағайынға сәлем саларда ғана іледі иығына. Ал, келесі бір қыз-келіншектер қарапайым ғана көйлекті жандандырып, онымен көз қызықтырарлық ерекше романтикалық образ жасайды. Нәтижесінде «Кантри» стиліндегі керемет үлгі шыға келеді. Мұның сыры неде деп ойлайсыз? Әрине, дұрыс аксессуармен толықтыруда.

Қарапайым көйлекпен тым қарабайыр көрінбей, стильді үлгі жасаудың қыр-сырын сіз де білгіңіз келе ме? Ендеше, мархабат.


1-жолы – қарама-қарсылық ойыны

Шілтерлі не гүлді көйлекті өзі сеуілді нәзік заттармен (мәселен, гүлді өрнегі бар босоножка, ашық қызғылт түсті күртеше, кестелі сөмке, тс.с.) үйлестіру сәннен қалғалы қашан. Есесіне, қарама-қарсылық ойынын батыл ойнап, нәзік көйлекті дөрекі көрінетін бәтіңкемен, етек-жеңі жинақы былғары күртемен үйлестіріңіз. Яғни, бірі нәзік, екіншісі дөрекі – бір-біріне қарама-қарсы фактураларды біріктіресіз. Айталық, шифон+былғары, жібек+твид.


2-жолы – ішкиімді сауатты таңдау

Иә, сыртқы бұйымдардың сәнді көрінуі жолында ішкі элементтердің де атқаратын рөлі үлкен. Қандай қымбат көйлек болсын, ішінен көзге түсіп тұратын ішкиім оның құнын бірден жойып жібереді. Ең дұрысы – денемен түстес сарғыш, тігіссіз ішкиім кию.


3-жолы – көйлекті комбинезонға айналдыру

Тігіншінің аздаған еңбегінің арқасында кез келген кең етекті көйлекті сәнді комбинезонға айналдыруға болады.


4-жолы – қысқа қонышты аяқ киім кию

Ұзындығы тобыққа жеткен көйлекті туфли, босоножки не сандалимен кигеннен көрі, қысқа қонышты былғары бәтіңке, кроссовкимен киген әлдеқайда стильді көрінеді. Ал, аксессуарларды барынша азайтамыз. Детальдар мейлінше аз әрі кішкентай болса, образыңыз қымбат көріне түседі.


5-жолы – айрықша пішінді сөмке ұстау

Пішіні өзгеше болып келген сәнді сөмке кез келген қарапайым көйлектің көрінісін бірден өзгертіп жібере алады. Сондықтан, мұндай образ жасауда үшбұрыш, дөңгелек пішінді немесе белге тағатын белбеу сөмкені таңдаңыз.


6-жолы – сыртынан кең жемпір не жакет кию

Ұсақ гүлді көйлек пен джинс күртеше – кешегі күннің үлесінде қалған үйлесім. Сондықтан, джинс күртешенің орнын оверсайз (өлшемсіз) жемпір не жакетпен алмастырыңыз.


Соңғы және ең басты үйлесім – ол шляпа

Түсі мен пішінін дұрыс таңдасаңыз, ол гүлді көйлекке ерекше сән мен өң үстейді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет