Көзілдірікті бет пішініне қарай таңдау

0
4 890

Көзілдірік - жаздың басты аксессуары ғана емес, көзді зиянды сәулелерден қорғайтын және образды толықтыратын бұйым. Тек оны дұрыс таңдаудың тәсілін білсеңіз жетіп жатыр.


Көзілдірікті бет пішініне қарай таңдау

Көзілдірік - жаздың басты аксессуары ғана емес, көзді зиянды сәулелерден қорғайтын және образды толықтыратын бұйым. Тек оны дұрыс таңдаудың тәсілін білсеңіз жетіп жатыр.

Бұл тұста ERNUR.KZ сіздер үшін, көзілдірік таңдаудағы пайдалы ақпаратты бөліседі.

Алдымен, беттің формасын анықтау керек. Ол үшін айнаның алдына түзу тұрып, басыңыздың жиегін қаламмен айнаға сызып шығыңыз. Онда пайда болған шеңбер сіздің бетіңіздің формасының үлгісі.

Фото: lifehacker.ru

Біздің қыздардың беттерінің формасы көбінде домалақ, яғни екі құлақтың ортасы мен иек пен жақтың ара қашықтығы бірдей. Мұндай пішінді қыздарға қою түсті көзілдіріктерді таңдаған дұрыс. Олар беттің формасын аз да болса сопақшаға жақындатады. Көзілдіріктің формасы домалақ, ашық түсті немесе геометриялық фигуралар сияқты болмағаны жөн. Керісінше төрт бұрышты, қасыңыз көрініп тұратын түрлерін таңдаңыз.

Сопақша келген аруларға тым үлкен көзілдірктерді таңдамау керек. Домалақ, тіктөртбұрыш, сопақша келген көзілдіріктер ажарыңызды ашады. Көзәйнектің шеті қасыңызды сызығымен бірдей болғаны жақсы.

Бет пішіні тіктөртбұрыш немесе квадрат пішінде болып келетін қыздарға көзілдірік таңдау аздап қиындау. Оларға идеал формаға жақындау үшін көлемі үлкен, сопақша, жиегі ашық түстісін тағуы керек. Тек квадрат пішін, көлемі кішкентай көзәйнектерге мүлде жоламағаны абзал.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ