Көйлектің орнын толтыратын 4 образ

0
2 305

Көйлек - әйел нәзіктігін айшықтайтын әдемі образды жасаушы. Кейде ол стилді де өзгертіп тұрған жөн. Ондай уақытта сізге біз ұсынатын 4 киім үлгісі тамаша таңдау бола алады


Көйлектің орнын толтыратын 4 образ

Көйлек - әйел нәзіктігін айшықтайтын әдемі образды жасаушы. Кейде ол стилді де өзгертіп тұрған жөн. Ондай уақытта сізге біз ұсынатын 4 киім үлгісі тамаша таңдау бола алады.

Комбинезон

Бір қарағанда көйлекті елестетін камбинезондар күнделікті киюге өте ыңғайлы. Дәл қазір оның спорттық бағыттағы үлгілері сәнге шықты. Бір жақсысы бұл киімдді кез келген аяқ киім түрімен кие беруге болады. Ал беліңізді айшықтап көрсеткіңіз келсе, комбинезон түсіне үйлесетін белбеу тағып алыңыз.

Қысқа комбинезондар

Бұл киім қысқа көйлек кигенді ұнатпайтын қыздарға арнап шығарылғандай. Өйткені желдің лебі сіздің комбинезоныңыздың етегін ұшыра алмайды. Осы жылы әсіресе джинстан тігілген қысқа комбинезондар үлкен сұранысқа ие.

Жеңіл пончо

Пончо – бас сұғып, жамыла салатын жеңіл сырт киімнің атауы. Біз бұл киімді көбіне қысты күні киеміз, әрі соған үйреніп те қалғанбыз. Десе де бұл киімді жазда шалбардың үстінен, жеңіл жейделердің сыртынан да киіп алуға болады.

Кимоно

Бұ киім соңғы жылдары сәнгерлердің коллекциясынан міндетті түрде көздесіп жүр. Сұлулардың да сұранысы жоғары, өйткені ол кез келген шалбармен үйлесім табады.


Фото: beauty-forever.ru

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ