Әлемдік сән өндірісінің жетекші тұлғалары Шымкентте кездесті

0
2 110

Шым қала алдағы үш күнде әлемдік сән әлемінің астанасына айналады. Бүгін Шымкент қаласында 10-12 мамыр күндері өтетін «Aspara» сән апталығының журналистерге арналған баспасөз конференциясы өтті.

Аталмыш жиынға «Aspara» сән апталығының ұйымдастырушысы, "Aspara" брендінің негізін салушы, танымал дизайнер Айдархан Калиев, «Berlin» cән апталығының директоры Stefanow Katarzina Anna, АҚШ-тың «FNL» арнасының директоры Rocco Leo, атақты италиялық «VOGUE» басылымының өкілі Oanа Mirabela және өзге де елдердегі сән өндірісіндегі беделді тұлғалар қонақ болды.

Баспасөз конференциясында қонақтар үш күнге созылатын шараның өткізілуі мен оның маңыздылығына тоқталып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ұйымдастырушы Айдархан Калиевтің айтуынша, қонақтардың басым көпшілігі Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. «Олар осыған дейін дизейнерлердің костьюмдері арқылы таныған Қазақстанға келгісі келетін. Бүгін біздің туған жерімізді көріп қана қоймай, қазақстандық жас дизайнерлерге түрлі мүмкіндіктер сыйлап отыр»-, деді Айдархан Калиев өз сөзінде.

Үш күнге созылатын апталыққа сән өндірісінің жетекші тұлғалары, Италия, Америка, Франция, Англия, Үндістан, Украина, Ресей сынды мемлекеттердің 22 дизайнері, алпыстан астам сәнгерлермен қатар отандық дизайнерлер де қатысады.

Фото-автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ