Шомылуға арналған киімді мүсініңізге сай таңдаңыз!

0
3 403

​Жаз - шомылудың маусымы. Барлығымыз дерлік мүсінімізбен қатар суға түсетін киімдерімізді қатар дайындайтынымыз анық. Ал сол суға шомылуға арналған киімдерді қалай таңдау керек екенін көпшілігі біле бермейді.


Шомылуға арналған киімді мүсініңізге сай таңдаңыз!

Жаз - шомылудың маусымы. Барлығымыз дерлік мүсінімізбен қатар суға түсетін киімдерімізді қатар дайындайтынымыз анық. Ал сол суға шомылуға арналған киімдерді қалай таңдау керек екенін көпшілігі біле бермейді.

Бүгін олардың түрлерімен және сіздің мүсініңізге сай келетін үлгілерімен танысатын боламыз.

Түрлері:

  • «Майо» - классикалық үлгі саналатын бұл шомылу киімі V- образды немесе төртбұрыш болып келеді.
  • «Халтер» - бұл ашы декольте мен нәзік іш киімнің үйлесімі. Ол мүсін сымбатын айқындай түседі.
  • «Свим дресс». Ол қысқа белдемшемен болатын шомылуға арналған киім.


Қалай таңдау керек?

Шомылу киімін таңдар кезде оның өлшемі дәлме-дәл болуына мән беру керек. Үлкен немесе кішкене болмай, денеге құйып қойғандай тұрғаны дұрыс.

Мүсініңіз мінсіз, беліңіз жіңішке болса ойланбай "Свим дресс" немесе "халтер", "танк" үлгісіндегі шомылуға арналған киімдерді таңдауға болады. Сондай-ақ оларға кез келген түстегі шомылу киімдері жарасады, тек егер төсіңіз тым үлкен болса ашық түсті төстарқыш пен күңгірт түсті іш киім киген жөн. Ал төсіңіз кішкентай болса түстер гаммасын ауыстырсаңыз жеткілікті.

"Алмұрт" мүсінді қыздарға "майо" үлгісі жарасымды болады. Иығы ашық киім мүсініңіздің кемшілігін жасырады. Бұл қыздарға әртүрлі түстердің қосындысы бар киімді таңдаған дұрыс, үлкен суреті болса тіпті керемет.

Ал "тіктөртбұрыш" мүсіні бар қыздарға белін айшықтай түсетін киімдер керек. Әсіресе төстартқышы мен іш киімі бөлек болатын шомылу киімдерінің ашық түстісі жақсы үйлеседі. Іш киімге тігілген белдемшесі бар шомылу киімдері бөксеңізге өлшем беріп, беліңізді көркемдей түседі.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ