Тренд белдемшелер - 2018

0
3 229

Әдемі көріну үшін соңғы үлгіде киіну міндетті емес, есте қалатындай болсаңыз болғаны. Білсеңіз, нәзік жандының етегі қаншалықты ұзын болса, оның әйелдік энергиясы да соғұрлым көп болады екен. Сондықтан қыздар, шалбар мен шортыларды сандыққа салып, белдемше мен көйлектерге көшкеніңіз дұрыс. Әрі осы көктемнің тренді миди-белдемшелер болмақ.


Тренд белдемшелер - 2018

Әдемі көріну үшін соңғы үлгіде киіну міндетті емес, есте қалатындай болсаңыз болғаны. Білсеңіз, нәзік жандының етегі қаншалықты ұзын болса оның әйелдік энергиясы да соғұрлым көп болады екен. Сондықтан қыздар, шалбар мен шортыларды сандыққа салып, белдемше мен көйлектерге көшкеніңіз дұрыс. Әрі осы көктемнің тренді миди-белдемшелер болмақ.

Сәнгерлер миди-белдемшелердің түрлі үлгілерін ұсынып та қойды. Дегенмен бір ғана образда болмай, түрленіп отырамын десеңіз де мархабат.

Кестелі белдемшелер

Кестеленіп тігілген карандаш пішінді белдемшелер де алдағы маусымның басты атрибуты. Бұл классикалық белдемше биік өкшелі аяқ киіммен тамаша тандем бола алады. Егер мүсініңіз карандаш белдемшеге мүмкіндік бермесе, басқа үлгілерін де байқап көріңіз.


Лакталған былғары белдемшелер

Былғарыдан тікілген көйлектерді, белдемше мен шалбарларды да соңғы кезде жиі киіп жүрміз. Ол ерекше әрі сәнді үлгілердің бірі. Осы көктемде де лакталған былғары белдемшелердің үлгілерінің кез келгенін жейде немесе футболкамен кисеңіз, ажарыңызды аша түседі.