Жағажайға арналған сөмкені қалай таңдау керек?

0
1 488

Жағажайға арналған сөмкені бірге таңдайық! :)


Жағажайға арналған сөмкені қалай таңдау керек?

Жағажайға арналған сөмкені бірге таңдайық! :)

Барлығымыз демалысқа кететін уақытта жағажайға керек маңызды аксессуар сөмкені алуды ұмытпаймыз. Ол сөмкенің ыңғайлы әрі сәнді болғаны жақсы. Ендеше, сізге ол сөмкелерді таңдауда неге мән беру керек екенін бүгін айтамыз, төменге қарай өтіңіз.


Өлшемі

Жағажайға арналған сөмкенің күнделікті ұстайтын қолдорбалардан көлемі үлкенірегін таңдаңыз. Күнге қыздырынып болғасын әр затты бөлек-бөлек ұстап шаршағыңыз келмейтіні анық. Сол себепті жағалауға алып баратын заттарыңыз бір сөмкеге сыйғаны дұрыс. Ал жағалауға сүлгі, кілемше, косметикалық құралдар, азық-түлік, көзілдірік сықылды заттар міндетті түрде барады.

Функционалдылық

Демалысқа арналған сөмкенің қалташалары көбірек болғаны өзіңізге жақсы. Мысалы бір ғана қалташадан тұрса барлық заттарыңызды сонда салу ыңғайсыздық тудырады емес пе? Ал көзілдірік пен ұялы телефон бөлек, тарақ пен косметикалық құралдар бөлек тұрғаны өзіңіз қолайлы. Сол үшін мүмкіндігінше көп қалталы қолдорбаға таңдау жасаңыз.

Материалы

Есіңізде сақтап алыңыз, жағажайға ұстайтын сөмкенің материалы мықты болуы керек. Оның тығызтығы мен тігісіне барынша мән беріп таңдап алыңыз. Сонымен қатар жеңіл әрі сенімді болғанын қадағалаңыз.

Фото: edinstvennaya.ua

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ