Әлемде ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР тұратын ПАТШАЛЫҚ бар

0
3 915

Ол ауылдарда ергежейлілер, ұзақ жасайтындар мен көптеген егіздер өмір сүреді.


Әлемде ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР тұратын ПАТШАЛЫҚ бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзінде өздеріне ғана тән ерекшеліктерімен танымал көптеген ауылдар бар. Бүгінгі шолудан соның ішіндегі бес ерекше елдімекен жайлы біле аласыз.


1. Жүздеген егіздер өмір сүретін ауыл

Украинадағы «Ұлы Копаня» ауылы әр бесінші әйелдің егіз босануымен ерекшеленеді. Бұл жағдайдың қалыптасқанына ондаған жыл болған, тиісінше көшеден бірдей адамдарды жиі байқауға болады. Жергілікті тұрғындар арасында: «Мұндай ерекше құбылыс осы жерден шығатын емдік суды ішіп алып, Құдайдан бала тілеудің нәтижесі» деген пікір қалыптасып қалған. Ал, ғалымдар жүзден астам егіздер өмір сүретін ауылды әлі зерттеп жатқан көрінеді.


2. Ұзақ өмір сүретіндер мекені

Жапониядағы Окинава аралы ғалымдардың айтуынша, экология, тамақтың мол қоры, климат және басқа да көптеген тұрғыдан өмір сүру үшін тамаша орын. Ондағы жергілікті әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 86, ал ерлердіңкі – 78 жас екен. Тіпті, ондағы адамдар қартайған күннің өзінде ауыр жұмыстармен айналыса беретін көрінеді.


3. Көру қабілеті нашар адамдар ауылы

Калуга облысындағы осы бір ресейлік ауыл тұрғындарының нашар көруі – табиғи ауытқудың нәтижесі емес. Кеңес үкіметі уақытында бұл жерге көру қабілеті төмен адамдарды арнайы жинап, жасанды қоныстар пайда болған. Тиісінше, ол адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етіп отырған.

Сондай-ақ, Русиново ауылында көзі нашар адамдар жұмыс істей алатын зауыт салынған. Уақыт өте келе олардың саны азайғанына қарамастан, Русиновода көзі көрмейтіндер әлі де көп. Сондықтан, бұл елдімекен «Соқырлар қаласы» деп аталады.


4. Психологиялық ауытқуы бар қарттар ауылы

Голландиядағы Хогвей ауылында жүйке жүесіне зақым тиген қарттар үшін арнайы мекемелер салынған. Негізі аурухананың қызметін атқаратын нысанардың ерекшелігі –ондағы дәрігерлер қарапайым киіммен жүреді және науқастар палатада емес қарапайым үйлерде жатады. Демек, емделушілердің серуендеуге, сөйлесуге және дүкенге баруға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, қызметкерлер қарттардың өзін ауру сезінбеуі үшін бар жағдайды жасайды. Нәтижесінде, Хогвейдегі емделушілердің өмір сүру ұзақтығы жоғары, дәрі-дәрмектерді аз пайдаланады және жиі күлімсіреп, тамаша сәттерді бастан өткізеді екен.


5. Қытайдағы ергежейлілер ауылы

Бүкіл әлемге әйгілі Қытайдағы «Янсы» деп аталатын ауылдағы адамдардың орташа бой өлшемі – 80 сантиметрді құрайды. Мұнда келген кез-келген турист өзін алып адам сезінуі мүмкін, бірақ елдімекен келушілер үшін жабық. Тек ғаламтор арқылы жергілікті тұрғындардың суреттерін ғана табуға болады. Мұндағы адамдар не үшін өспей қалатынын анықтай алмаған ғалымдар түрлі пікір айтқан: бірі бұл ғажайып құбылыс десе, екіншілері шынайы себебі бар дейді.

"Ергежейлілер патшалығын" көруді армандаған туристер үшін Қытай билігі арнайы қонысты ұйымдастырған. Мұнда келушілер үшін жиі-жиі шоулар ұйымдастырылады. Бірақ, ол қалашық бойы кіші адамдардың жайлы өмір сүруі үшін арнайы жасалғанын ескеру керек.

Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Өзге елдерде ЖАҢА ЖЫЛДЫ ерекше қарсы алады


Әлемдегі ЕҢ ҚАУІПТІ әуежайлар қай елдерде?