Карантин кезінде ОНЛАЙН-САЯХАТ жасап сергіп тұрыңыз

0
1 935


Карантин кезінде ОНЛАЙН-САЯХАТ жасап сергіп тұрыңыз


Карантинде шынайы өмірде әрлі-берлі жүруге шектеу қойылғанымен, виртуалды әлемде қайда барам десең де өз еркің. Ал, әлем – өте кең және заманауи құрылғылардың мүмкіндіктері де мол. Ғаламшардың кез келген бұрышын көз алдыңа келтіретін онлайн-саяхат жолдары мейлінше дамыған. Ендеше, бағыт-бағдар бізден, іздеу-тамашалау сізден болсын.


  • 360cities.net сайтынан панорамалы көріністер

Ақындар әлемді сұлу сөзбен, суретшілер сан түрлі бояумен, композиторлан әсем әуенмен сипаттап, көз алдыңа келтірсе, 360cities.net сайты көркем панорама суреттерімен көрсетеді. Мұнда әлемнің әр түкпірінде түсірілген ондаған мың суреттер жинақталған. Тіпті, кездейсоқ түсіп қалған жергілікті тұрғындардың жылы жүздері де сол қалпында сақталғандықтан, сонда жүргендей әсер аласыз. Сайтқа кірсеңіз, Жер шары ғана емес, өзге ғаламшарлар бейнесін де кездестіресіз.


  • Гуглдан фототурлар

Әрине, Гугл картасы арқылы әлемнің кез келген жерін жақындатып көру мүмкіндігі барын бәрі біледі. Алайда, бұл – жоғарыдан түсірілетін көрініс. Алайда, атаулы сала мамандары арнайы фототур мен виртуалды саяхат жобасын да жасауды қолға алғанын екінің бірі білмес.

Гугл фототуры арқылы Тәж-Махал, Бурдж-Халифа, Эйель мұнарасы секілді әлемге әйгілі нысандардың алдына барып-қайт қандай боласыз. Тіпті, Польшадағы Величке шахтасы баспалдақтарымен төмен түсуге немесе Галапагосс аралдарына барып суасты әлемін тамашалауға да болады.


  • Youtube 360 видеофайлдары

Суреттен көрген мен бейнежазбадан көрген – екеуі бөлек нәрсе. Әрине, шынайыға жақыны – бейнежазба. Егер ол 360 градустық бейне болса, тіптен керемет. Дәл осы керемет Youtube бейнепорталында жүзеге асуда. Аталған желінің іздеу жолағына «видео 360» деп жазу арқылы дәл қазір-ақ виртуалды саяхатқа аттанып кетуге болады. Мәселен, мен қазір ғана Венеция көшелерінде қайықпен саяхаттап, екі жағадағы көрнекті ғимараттарты тамашалап келдім.


  • Виртуалды мұражай

Саяхат пен демалыстың мәдени-рухани түрін таңдайтындар келесі ұсынысымызды жоғары бағалайтыны анық. Бұрын да білерсіз, бәлкім, тағы бір есіңізге салайық. Гугл компаниясы қолға алған ауқымды жобалардың бірі – Art Project. Өнер туындыларына, дәлірек айтсақ, мұражайлар мен көркемсурет галлереяларына арналған. Осы атау аясында әлемнің үздік мұражайларында сақталған қаншама құнды жәдігер, тарихи қазына-байлықтың электронды нұсқасы жинақталған. Ғаламтор арқылы көру мүмкіндігі де бар. соның арқасында әрбір жәдігерді жақынатып, ұсақ-түйек детальдарына дейін қарай аласыз.

Айта кету керек, жекелеген жәдігерлерден бөлек, мұражай ішін де виртуалды түрде аралап шығуға болады.


Соз соңында жағымды бонус. Сілтемелерге кіріп,бірінші саяхатыңызды біз арқылы жүзеге асырыңыз.

Франция. Версаль сарайы

АҚШ. Ақ үй


Келесі сілтемелерге кіріп, сайт ұсынған басқа да пайдалы ақпараттармен танысыңыз.

Өзге елде бұл ишараларды ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ!

Жаңа технологиялар: Азық-түлік сақтауға ӨТЕ ТИІМДІ құралдар

Жаздық шина таңдаудан ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ!

Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ