Көркіне көз тоймайтын қалаларды көргіңіз келсе...

0
4 256

Егер Сіз үнемі жаңбыр жауатын немесе қысы қыс сияқты болмайтын жерде өмір сүрсеңіз, біздің тізімдегі қалаларға бару туралы ойлануыңызға болады.


Көркіне көз тоймайтын қалаларды көргіңіз келсе...

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Әлемдегі кейбір қалалар қыстағы ақ қармен астасқан, адамның көзін баурайтын климаттық аймақта орналасқан.

Қыс, шын мәнінде, жылдың суық мезгілі, бірақ таңқаларлық әдемі уақыт. Бүгінгі мақалада әлемнің ең әдемі қысқы қалаларына шолу жасаймыз:


Берн, Швейцария

Берн Швейцария еліндегі ең үлкен қалалардың бірі әрі өте бай мәдени өмірге ие. Сонымен қатар, оның тарихи орталығы ЮНЕСКО-ның қорғауында, ал қаланы қоршаған таулар Берн көрінісін керемет ете түседі. Әсіресе қыста мұнда көшелер мен шатырлар қармен жабылып, ғимараттар жарқырап тұрады және базарлары да көз тартады. Берндегі тағы бір танымал орын – Парламенттік алаңдағы мұз айдыны. Сондай-ақ, Сіз бұл қалаға барсаңыз қалалық саябақтарда немесе тауларда шаңғымен сырғанаудан ғажап әсер ала аласыз.


Тромсё, Норвегия

Бұл қала – Солтүстік Норвегиядағы ең үлкен қала, Солтүстік полярлық шеңбердің басты көрікті жерлерінің бірі және Солтүстік жарқырауды көруге арналған планетадағы ең жақсы орын болып табылады. Тромсе Солтүстік жылтырлықты күніне 6 сағатқа жуық көруге болатын аймақта орналасқан. Сондай-ақ, қала жандана дамыған музыкалық өмірімен де мақтана алады.


Вильнюс, Литва

Вильнюс қаласы – қыс мезгілінде өте төмен температура тіркелетін Литваның астанасы. Мұндағы мұз айдындарында қаңтар мен ақпан айлары кезінде қысқа қатты қызығатындар үшін өте экстремалды жағдайлар болуы мүмкін. Егер, Сіз бұл қалаға барсаңыз қалың қар қабаты мен керемет қалалық пейзаждарға тамасанып қайтатыныңызға күмәніңіз болмасын. Сондай-ақ, Вильнюс қаласында Шығыс және Батыс архитектурасы қосылған әдемі тарихи орталық бар.


Стокгольм, Швеция

Бұл әдемі скандинавиялық қаладан Сіз өте әдемі үйлерді, мейірімді адамдарды және нағыз қысқы ауа райын таба аласыз. Сонымен қатар, қала музейлері, мейрамханалары, барлары және бутиктері де ерекше әсер қалдырады. Сондай-ақ, Стокгольм қонақтарға түрлі мәдени шараларға қатысуға көптеген мүмкіндіктер береді.


Банф, Канада

Ұлттық Банф қорығының ортасында орналасқан қызықты қала көптеген көркем жерлерімен, іс-шараларымен танымал туристік бағыт болып қалыптасқан. Оның ішінде жартасқа өрмелеу, шаңғымен сырғанау, велосипедпен жүру және т.б. шаралары ерекше демалыстық әсер сыйлайды. Сонымен қатар, қаланың орталығында орналасқан басты көшесі «Авенюдің»бойында көптеген дәмханалар, мейрамханалар, дүкендер мен мұражайлар бар.


Квебек, Канада

Жарықтармен безендірілген және қармен жабылған Квебек қаласы жергілікті тұрғындар мен қонақтарға жыл сайын керемет қысқы демалыс сыйлайды. Ондағы сауда орындары, концерттер мен іс-шаралар Сізді бірнеше апта бойғы көтеріңкі көңіл-күймен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, қаланың тарихи бөлігі – Petit Champlain ең танымал және көркем орын болып есептеледі. Ол жерге адамдар тарихи архитектурамен, тар көшелермен және қабырғадағы кескіндемелермен танысу үшін ағылып барып жатады.


Вена, Австрия

Австрияның ең үлкен қаласы әрі астанасы болып есептелетін Вена қаласы қыдырып баруға тұрарлық. Ондағы ауқымды тарихи жәдігерлер мен қайталанбас дүниелерді көруге жыл сайын 4 миллион турист барады екен. Сондай-ақ, тарихы жүз жылға жуық керемет мейрамханалар мен кафелер де жетерлік. Сонымен қатар, көптеген қысқы спорт әуесқойларын австриялық тау шаңғысы курорттары қызықтырады екен.


Прага, Чехия

Ғажайып архитектурасымен ерекшеленетін ортағасырлық еуропалық қалада – атақты Карл көпірі, Еуропадағы ең үлкен ортағасырлық алаң, таңғажайып Прага бекінісі және көптеген шіркеулер бар. Сондай-ақ, ондағы XI ғасырда салынған оқ-дәрі мұнарасы қармен жабылғанда қызықты және өте сиқырлы көрініс тудырады.


Монреаль, Канада

Бұл қаланы қыста қалың қар қабаты жабады. Ондағы қыста өтетін түрлі іс-шаралар мен концерттердің арасында жыл сайын ұмытылмастай бағдарламамен қуантатын жергілікті цирк жұлдызы Дю-Солейді ерекше атасақ болады. Сондай-ақ, көптеген тегін әдемі мұздықтар демалушыларға жақсы әсерін тигізе алады.


Чикаго, США

Бұл ешқашан тынышталмайтын, суық уақытта өте әдемі болатын үлкен қала. Чикагодан Сіз көптеген мейрамханалар, жарқын іс-шаралар, театр қойылымдары, шоу және әр түрлі ойын-сауықтарды таба аласыз.


Әрине, бүгінгі мақаламыздағы қалалармен әлемнің әдемі, саяхаттауға тұрарлық жерлері таусылып қалмайды. Біз әр мақаламызда Сіздер үшін қызықты ақпараттар жазатын боламыз. Бізбен бірге болыңыз!


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ