​КОРОНАВИРУСТАН КЕЙІН: енді бұл заттар қонақүйлерде БОЛМАЙДЫ

0
1 398


​КОРОНАВИРУСТАН КЕЙІН: енді бұл заттар қонақүйлерде БОЛМАЙДЫ


Коронавирус дүмпуі бүкіл әлемді дүрліктіргенімен қоймай, көптеген өзгерістер әкелді. Адамзатқа осыған дейінгі тұрмыс-салттың кей бөлігін қайта қарап, қалыптасқан дағдыларды қауіпсіздік үшін қайта жаңартуға мәжбүр.

Елеулі өзгерістерге қонақүйлер де ұшырауда. Алдағы уақытта уақытша қонақтарға бұрынғыдан аздап басқаша қызмет көрсететін болады. Нақтырақ айтсақ...


Нөмірлерден мини-барлар алынады

Қонақүй нөмірінен шықпай-ақ, ең керек деген сусындарды мини-бардан табушы едік. Кей меймандар тіпті таңғы кофесін де бөлмеде өздері дайындап іше алатын. Енді қонақүйлер әр нөмірге мини-бар орнатып, оны сусындармен, шай-кофе салмалары, шкаф сөресін стаканмен толықтыруды тоқтатады. Ондағы мақсат – бірінен кейін бірі келетін қонақтар легінің түйісу нүктелерін азайту.


Нөмірге қызмет көрсету менюі ұсынылмайды

Қағаз – ешқандай жолмен залалсыздандыруға, тазалауға келмейтін материал. Сондықтан, қонақүй қызметкерлері оны қолданыстан мүлдем шығарып тастауға бел буып отыр. Мүмкін, болашақта оның орнына менюді цифрлық құрылғылар көмегімен таңдауға болатын бір жолын ойластырар. Бірақ әзірге қауіпсіздік үшін ең жылдам әрі оңтайлы шешім – келушілерге қағаз жүзінде ұсынатын құжаттан үзілді-кесілді бас тарту болып тұрған сыңайлы.




Кілттер мен есік тұтқалары болмауы мүмкін

Қонақүй нөміріне кіру үшін ендігі жерде келушілердің қолына ешқандай кілт, карта ұстатпау мәселесі де қаралуда. Кей қонақүйлер алыстан басқару арқылы есікті ашып-жабатын жаңа құрылғыларды тәжірибеден өткізуде. Сондай-ақ, болашақта есік тұтқаларын да алып тастау жоспарда бар екен.


Жиһаздар қатарынан жұмыс үстелі жойылады

Қонақүйде жатып, күнделікті күйбеңнен арылып, жаны тынышталып, ойы сергіп, шабыты ашылып, жұмысқа бас қоятындар да бар. Алайда, енді оларға мұндай мүмкінідк берілмеуі мүмкін. Егер, әрине, төсекте жатып жұмысымды жасай беремін демесеңіз. Өйткені, белді бір туристік агенттіктің зерттеуі бойынша, қонақүйдегі ең лас, бактерияға толы орындардың бірі осы жұмыс үстелі екені анықталыпты.


Ешқандай басқару тетігін таппауыңыз мүмкін

Қонақүй бөлмесіендегі теледидар, желдеткіш секілділердің басқару тетігін қолға алғанда оның қаншалықты лас екенін ойлайсыз ба? Залалсыздандыратын сұйықтықтармен тазалайсыз ба? Көпшілік адамдар олай етпейді. Сондықтан, қонақүйлер ендігі жерде бөлмеге басқару тетіктерін де қоймауды көздеп отыр. Оның орнына ұялы телефонға жүктеп алуға болатын арнайы қосымшалар құрастырылуда. Оларды өз ұялы телефонына жүктеп алсаңыз болғаны. Көптеген адамдар арасында қолдан-қолға ауысқан тетікке жабысқан инфекциядан сақтана аласыз.



Жанаспалы құрылғылар мен құралдар қолданбайсыз

Жақын болашақта қонақүйлердің бәрі болмаса да, басым көпшілігі, автоматтандырылған жүйеге көшуі ықтимал. Жеке бас қауіпсіздігі, тазалығы үшін жанаспалы қатынасты толықтай жою көзделіп отыр. Таяуда қонақүйге түсе қалсаңыз, өздігінен ашылатын есіктен еніп, дыбыс не ым-ишара көмегімен бақсарылатын құрылғылардан жуынып қалуыңыз әбден мүмкін. Олай бола қалса, жарықты жағу не сөндіру үшін қосқыш тетігін іздеп жүрмеңіз.


Джакузи көзден бұл-бұл ұшады

Жақын ададмармен ыстық джакузи суында рахаттана демалу қонақүй меймандарының көбіне ұнайды. Алайда, енді ол ләззаттан да бас тартуға тура келеді. Жеке бас гигиенасын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен соңғы жайттардан кейін бұл түсінікті де шығар.


Микро-бөлмелер де болмайды

Қонақүй нөмірлерін таза әрі санитарлық нормаға сай, қауіпсіз сақтау үшін бөлме барынша кең болуға тиіс. Онда ауа еркін айналып, жиі желдетілуі міндетті. Осы мақсатта қонақүй нөмірлерінің көлеміне қатысты стандарттар да өзгереді. Кереует, диван, басқа да жиһаздар мен қабырға арасында тазалық жұмыстарын оңай жүргізуге мүмкіндік беретін ашық кеңістік қалуға тиіс. Осы мақсатта бөлмелер барынша кеңейтіледі.

Бұл шараның бәрі де қонақтардың қауіпсіздігі үшін ойластырылуда. Ешкімнің ештеңені қолымен ұстап, вирус-инфекция таратпауын, бірден-бірге жұқтырмауын көздеуден туған әрекет. Әрқайсымыз шама-шарқымызша үлес қосып, өз үйімізде тазалық және сақтық шараларын қамтамасыз етейік.

Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


ТАУҒА АЙНАЛҒАН қос батыр немесе "Сырған" көлдің СЫРЫН білесіз бе?


Қапшағай жақтағы «Көшпенділер» қамалы жайлы естуіңіз бар ма?