Қыста саяхатқа шығатын адамда МЫНА ЗАТТАР болуы керек

0
3 172

Қытымыр қыстың күндерді жақсы өткізу үшін осы кеңестерді ескере жүрген жөн.


Қыста саяхатқа шығатын адамда МЫНА ЗАТТАР болуы керек

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Суықты ұнатпайтын адамдар қыста Мысыр, Таиланд секілді жылы өлкеге барғысы келеді. Ал, кейбіреулер нағыз қыстың табиғатын сезініп, қар басқан тау бөктерінде шаңғы теуіп демалады. Ал, сол қытымыр қыстағы күндерді жақсы өткізу үшін осы кеңестерді ескере жүрген жөн.


1. Артық заттың барлығын үйде қалдыру

Саяхатқа шығар кезде жолдорбаға зат симай кететіні қалыпты жағдай, ал қыста бұл мәселе өрши түседі. Сондықтан, шектеулі киім жинағы мен қажет заттарды ғана таңдап алып, қалғанын тастап кетуге тырысу керек.


2. Киімді дұрыс таңдау

Күртеше мен аяқкиім – қысқы саяхатқа шығатын адамның ең маңызды заттары. Аяқкиім жеңіл және жылы, ылғал өткізбейтін, аяқты қыспайтын болуы керек. Ал, күртеше жеңіл, су мен жел өтпейтін, денеге тығыз тұратын болғаны дұрыс. Сондай-ақ, қалпақ пен қолғапты ұмытпаңыз.


3. Заттарды қорғау

Жазда бұл жағдай көп мәселе туындатпайды. Ал, қыста заттарға зиян тимеу үшін қар өтпейтін сөмке таңдап, барлық электронды құралдар мен құжаттарды су тимейтіндей етіп орналастыру керек.


4. Суықтан қорғайтын ұсақ-түйектер

  • Термос – жолда шәй ішіп жылыну үшін.
  • Көрпе – салқын жерде немесе көлікте ұйықтау үшін.
  • Қосымша шұлықтар – ең жылы бірнеше жұп.
  • Жұқа, бірақ жылы шарф.
  • Табаннан суық өтпес үшін термоұлтарақтар.
  • Қол мен бет терісі суықтан жарылып кетпеу үшін қолданатын крем.


5. Дәрі-дәрмек қобдишасы

Қысқы суықта ауырып қалмас үшін дәрі-дәрмек қобдишасын мұқият дайындау керек. Оның ішіне тұмауға қарсы, дене ыстығын түсіретін, жөтел мен тамақтың ауыруына қарсы таблеткалар, суыққа қарсы арнайы шәй және мұрын бітелуіне арналған аэрозоль кіреді. Бұлардың барлығын алып жүру біршама қиындық туындатуы мүмкін, бірақ бұл саяхаттың сәтті өтуіне өте қажет.


6. Ойластырылған жоспар

Қыста қараңғы ерте түседі және температураның күрт төмендеуі көбіне түнде байқалады. Сондықтан, демалыс барысында кешкі серуенге немесе ойын-сауыққа баруды алдын ала жоспарлап қойыңыз.


7. Сапардан бас тартпау

Кейбір экскурсияларға бару бір қарағанда қиын секілді көрінуі мүмкін. Бірақ олардан бас тартпаңыз. Өйткені, Сіз өз күш-жігеріңіздің арқасында басқа саяхатшылар көрмеген тамаша орындарға баруыңыз әбден мүмкін.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Теңіз түбіндегі ғажайыптар: Әлемдегі ЕҢ КЕРЕМЕТ су асты мұражайлары

Қыста да ЖАЗДАҒЫДАЙ демалуға болады