Қыста ЖАЗДАҒЫДАЙ демалыс сыйлайтын ЕҢ АРЗАН бағыттар

0
1 994

Демала жүріп, ақшаңызды үнемдейсіз.


Қыста ЖАЗДАҒЫДАЙ демалыс сыйлайтын ЕҢ АРЗАН бағыттар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қыстағы суық температура көптеген адамның емін-еркін демалуына мүмкіндік бере қоймайды. Сөйтіп, адамдар күшті қалпына келтіру үшін ыстық жерлерге саяхат жасап, жағажайларда күнге қыздырынғанды қалайды. Әрине, бұл қалауды орындауға мүмкіндік жеткілікті. Дегенмен, қыста жаздағыдай демалыс сыйлайтын бағыттардың ішінде де баға жағынан тиімділері бар.


Үндістан: би және йога

Қыста Үндістанда туристер ағыны артады. Өйткені, дәл осы уақытта муссондар аяқталып, температура 25-30 °C дейін көтеріледі. Мұхиттағы су да суық болмайды. Үндістанның ең танымал курорттарының бірі — көптеген жағажайлары бар Солтүстік және Оңтүстік Гоа Штаттары. Жағажайларда кез келген талғамға сәйкес келетін әртүрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Тыныш демалысты ұнататындар үшін Агонда жағажайлары қолайлы. Ал, су спортын ұнататындар үшін су шаңғысы мен скутер, серфинг пен яхталар қызмет етеді.

Үндістан тек жағымды ауа-райы, теңіз демалысы және экзотикалық жемістердің бай ассортиментімен ғана таңғалдырмайды. Бұл экзотикалық ел мәдениетімен және ерекше табиғатымен де танымал. Туристер табиғатты қорғау орындарына экскурсия жасап, дәмдеуіштер бағына, базарларға және ежелгі ескерткіштер орналасқан жерлерге бара алады. Сонымен қатар, тұрақты түрде өткізілетін жағажай кештерінде көңіл көтеріп, жергілікті қолөнершілердің жетекшілігімен тыныш ортада йогамен айналыса алады.


Тайланд: адам аяқ баспаған аралдар

Туристердің тағы бір сүйікті бағыты – тропикалық жемістердің, қол жетімді теңіз өнімдерінің және гүлді орхидеялардың отаны Тайланд. Сонымен қатар, көптеген адамдар мұнда қыста ғана емес, жазда, курорттарда жаңбыр жиі жауатын кезде де барғанды ұнатады. Жалпы, бұл елдің қыс мезгіліндегі климаты Үндістанға өте ұқсас. Тайландты таңдаудың тағы бір себебі –визаның болмауы. Таиландтың негізгі курорттары - Пхукет аралы немесе Паттайяның континентальды жағалауы. Күн, теңіз және ойын-сауықтың барлық түрлері бвр. Мысалы, көптеген туристер жақын аралдарға қайықпен саяхаттауды ұнатады. Себебі, бұл аралдарда мүлдем адам тұрмайды және табиғаты таза. Таиландта қыста су температурасы 28 °C дейін қызатын болса, жағалауда катамарандар мен қайықтарды жалға алу әрқашан қолжетімді. Көше сатушыларынан кокос сатып алып, емдік Тай массажына бару да танымал. Ал, кешке тайлар жағажайларда ауқымды отты шоулар өткізеді.


БАӘ: қалыпты жаз

Қыс – Араб Әмірліктеріне саяхаттаудың тамаша уақыты. Әсіресе осы таңғажайып елмен танысқысы және ақша үнемдегісі келетіндер үшін. Себебі, қыс айларындағы турлар күз бен көктем айларына қарағанда сәл арзанырақ болады, температура ыстығы сәл қайтады.

Әмірліктер – Шығыс дәстүрлері мен заманауи технологиялар біріктірілген жер. Дубай ең танымал және қымбат бағыт болып саналады. Көптеген адамдар Бурдж Халифа әлеміндегі ең биік зәулім ғимаратқа көтерілу, жергілікті мегамоллда сауда жасау немесе күні бойы Wild Wadi аквапаркінің су сырғанақтарында демалу үшін жергілікті қонақүйлерді таңдайды. Ал, Шарджа, Рас-Аль-Хайма және Фуджейра курорттарының танымалдылығы төмендеу болғанымен, қолжетімді болып саналады. Жалпы, дамыған инфрақұрылым, құмды жағажайлар мен теңіздегі іс-шаралар БАӘ-ні демалуға тамаша орынға айналдырды. Алайда, Араб Әмірліктерінде әлі де қатаң заңдар бар екенін және мұнда алкогольді тұтыну құпталмайтынын ескерген жөн.



Иордания: ежелгі ел

Иорданияда да қатаң заңдар болғанымен, алкогольге деген көзқарас Араб Әмірліктеріне қарағанда еркіндеу. Сонымен қатар, Иорданияда шарап жасаумен айналысып, жергілікті шараптарды сатып алуға болады. Дегенмен, патшалықтың басты артықшылығы бұл емес, қолайлы ауа-райы.

Иорданияның ең жылы курорты — Қызыл теңізде орналасқан Акаба. Қыс мезгілінде мұнда су температурасы 20 °C дейін қызады. Сонымен қатар, қонақүйлердің барлығында бассейн бар. Көптеген туристер Акабаға су асты әлеміне сүңгіп, су фаунасымен танысу үшін келеді. Иордания тек жағажайларымен ғана емес, ежелгі жәдігерлерімен де қызықты. Киелі кітаптарда сипатталған көптеген оқиғалар дәл осы аумақта болған деседі.

Жергілікті көрнекті орындардың бірі – қызыл құмтасқа қолөнершілер ойып жасаған керемет қасбеттері бар, таудағы жұмбақ, ежелгі Петра қаласы. Сондай-ақ, Иорданияға Өлі теңіздің бір бөлігі тиесілі. Онда сіз бір күндік сауықтыру турына бара аласыз. Яғни, бұл патшалықта тек жағалауда демалып қана қоймай, денсаулығыңызды нығайта аласыз.



Вьетнам: экзотикалық дәм

Қазір Таиланд пен Вьетнамның курорттары бәсекелес болып отыр. Азия еліне сапарға шыққанда, түрлі курорттардағы ауа-райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Мысалы, солтүстікте температура 15 °C деңгейінде сақталса, оңтүстікте 25-28 °C болады.

Фантит пен Фукуок қысқы демалыс үшін тамаша курорттар болып саналады. Мол өсімдік, дамыған инфрақұрылым, құмды жағажайлар мен әртүрлі су аттракциондары кем дегенде қыстың соңына дейін жарқын жазғы демалысты қамтамасыз етеді.

Вьетнам туристерді ауа-райымен ғана емес, экзотикалық тағамдарымен, ежелгі заттарымен және жергілікті тұрғындардың туристерге деген қонақжай көзқарасымен тартады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Кәсіппен айналысуға ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ елдер

Ежелгі викингтер қаласы саяхатшыларға не ұсынады?