"Масондар мекен еткен": Құпияға толы "МЫҢ АРАЛ" жайлы не білесіз?

0
2 690

Екі мемлекеттің аумағында орналасқан архипелагтың жер көлемі 2000 шаршы шақырымды құрайды.


илююстрациялық фото: ашық дереккөзден

Лаврентия үлкен өзенінің арнасында шашырай орналасқан 1864 аралдың әртүрлі өлшемі және өз тарихы мен құпиялары бар. Сондай-ақ, ЮНЕСКО қорғауындағы және биосфераның бірегей құбылыстарының тізіміне енгізілген бұл аймақ туризм әуесқойлары үшін әлемдегі ең «сүйікті» орындардың бірі.

Құдай бөліп жіберген жер

Әлі күнге дейін адамдар мекен ететін аралдарға құс ұшатын биіктікен қарағанда, табиғаттың әсем жаратылысына таң қалмай кетпейді. Оған қоса, осы жердегі экскурсоводтар да «Мың аралдың» тарихын «Ежелде адамдар Құдайға құлшылық етуден бас тартқан кезде, Жаратушы бүтін бір елдің аумағын осындай аралдарға бөліп жіберген», - деп басталатын ғажайып аңыздармен байланыстырады.

Бірақ, ғалымдар шын мәнінде архипелаг табиғи құбылыстардың нәтижесінде пайда болған деседі. Олардың айтуынша, бұл аумақ теңіз деңгейінен жоғары жатқан Канаданың кристалды қалқанының бір бөлігі. Бірнеше мыңжылдықтар кезеңінде су деңгейі қатты көтеріліп, осы жердегі шұңқырларға құйыла бастаған. Уақыт өте келе су баспаған биік шыңдар көркем архипелагқа айналған.

Канада мен АҚШ арасындағы жер дауы

Канада мен АҚШ аумағындағы бұл аралдардың ауданы мен олардың бір-бірінен алшақтығы әртүрлі болғандықтан, екі ел жерді бөлу кезінде біраз дауласқан екен. Дегенмен, XIX ғасырдың ортасында тараптар келісімге келіп, архипелаг ауданының үштен екісі – Канадаға, қалғаны АҚШ-қа тиесілі болып бекітілген.

Архипелагтағы құрылыс

Мемлекеттер аралдарды бөліп алғаннан кейін, бұл жерде үлкен виллалар, шағын үйшіктер, құпия резиденциялармен мен сарайлар салынып, жергілікті тұрғындар мен еуропалықтарға жаппай сатыла бастаған.

Содан, XX ғасырдың басында архипелаг демалыс және туризм үшін ең тамаша қажетті орынға айналады. Сонымен қатар, саңырауқұлақ сияқты аралдардың маңынан әртүрлі таптағы халық пен саяхатшылар үшін коттедждер, қонақ үйлер салынып, балықшы, аңшы және осындай ерекше демалыс әуесқойларына арналып әртүрлі демалыс орындары ұйымдастырыла бастаған.

Су астындағы тартылыс күші

Ал мұндағы 65 метрге жететін тереңдіктегі жартас қалдықтары кеме, яхта немесе қайықтарды магнит сияқты тартады екен. Тіпті, жергілікті билік ескерткен қауіпке қарамаған қаншама жүзу көліктері су түбіне батып та кеткен. Сондықтан, құпияға толы бұл архипелагта сақтанып жүрген дұрыс.


Танымал әрі қызықты аралдар

1. «Олений» аралы

Бұл арал 1876 жылы 175 АҚШ долларға сатылған және онда «Бассүйек және сүйектер» атауымен құпия топ құрып, бүкіл әлемді билемек болған масондар мекендеген деген деректер бар. Мұндай әңгіменің өрбуіне арал аумағына қандай да бір сылтаумен кіруге және жақындауға да қатаң тыйым салынуы себеп болған. Ал, аэротүсірілім кезінде арал маңында көне құрылыстардың қирандысы, тіпті теннис корттары бар екені анықталған. Сондай-ақ, жабайы өсімдіктер басып қалған жер қазір АҚШ шекара қызметінің ерекше қорғауында.


2. «Жүрек» аралы

Мультимиллионер атанған Джордж Болдт АҚШ-қа тиесілі осы ертегі орынға ғашық болып, сатып алған және оған «Жүрек» дегеп атау беріп, әйеліне арнап сарай салмақшы болған. Сөйтіп, бірінші аралға күзет мұнарасы, электр станциясы, көптеген қосалқы құрылыстар салынып, сарай жұмыстары енді қызған кезде жұбайы белгісіз аурудан қайтыс болады. Сол себепті 1904 жылдан бастап 1970 жылға дейін салынып бітпеген сарай ел билігі аралды сатып алғанша қараусыз қалған. Ал, қазіргі уақытта сәулет туындысы толық қалпына келтіріліп, таңғажайып мұражайға айналған. Бірақ оған тек американдық виза ашылған адамдар ғана кіре алады.


3. «Қасқыр» аралы

Ұзындығы мен 29, ені 9 шақырымға созылған бұл аралда мыңнан аса адам тұрады және «Wolfe Island» деген атауы бар. Бұл жердегі қонақ үйлердің кез келгеніне тоқтап, туристік инфрақұрылымы өте жақсы дамыған аралда керемет демалыс өткізуге болады.

Сондай-ақ, тарихи ескерткіштерге әуес саяхатшылар аралға жақын орналасқан «Карлтон» аралына баруға болады. Оның тарихы туристер үшін өте қызықты, себебі бұл әскери бекіністі үш қана АҚШ жауынгері салған.


4. «Қараңғы» арал

Бұл аралда туристер үшін ашылған атақты «Зингер» корпорациясының сарайы бар. Сондықтан мұнда барлық саяхатшылар барып, керемет табиғат пен көне құрылыстар мекенімен танысуына және суретке түсуіне болады.


5. «Хаб» аралы

Аумағы 306 шаршы метрді құрайтын әлемдегі ең кішкентай аралға 1950 жылы «Сайзлендтер» отбасы күйбең тіршіліктен демалу үшін арнайы жалғыз үй салады және оны «Just room enough» (жеткілікті орын) деп атаған.


6. «Мың аралдың» халықаралық көпірі

Архипелагтың ең үлкен әрі көрікті жері – 1938 жылы екі елді біріктіру мақсатында салынған халықаралық көпір. Әлем бойынша екі ел арасындағы ең кішкентай ғимарат болса да, туристер оны өте жақсы көреді. Себебі оның құрылымында бүкіл аумақтағы керемет табиғатты көруге арналған мұнаралар бой көтерген.


Дайынаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

дереккөз: novate.ru


Тағы оқыңыз:

Дүниежүзіндегі ЕҢ БИІК мүсін КІМНІҢ құрметіне қойылған?

ҚЫСҚА мерзім ішінде АДАМ ТАНЫМАСТАЙ өзгерген қалалар