Өзге елде бұл ишараларды ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ!

0
4 745

Іс-қимыл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды және таптырмас бөлігі.


Өзге елде бұл ишараларды ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Іс-қимыл мен ишара ауызша сөйлесуді ауыстыру ғана емес. Ол көптеген жағдайларда сөзге қарағанда мән-жайды әлдеқайда тиімді түсінуге көмектеседі. Бірақ, барлық елде қимылдар бірдей мағына бермейді. Сондықтан, саяхатқа барғанда мыналарды есте сақтау керек.


Қол беріп амандасу

Қол алысу дүниежүзі, әсіресе батыс елдерінде сәлемдесудің басты белгісі болып есептелмейді. Мысал ретінде бізге өте таныс Үндістан мен Жапония сияқты елдердің қолды кеуде тұсына түйістіріп, бір-біріне бас изей сәлемдесетінін айтсақ болады. Тіпті кейбір елдерде қол алысу әдепсіздікке бланса, енді бірінде үлкен құрметтің белгісі. Сонымен қатар, біздің өзімізде қазір табалдырықтың арғы жағынан қол бергенді жаман ырым деп санайды. Ең дұрыс шешім – өзіңіз бұрын бармаған елде ауызша сәлемдесе салыңыз.


Тост

Көптеген елдерде өтетін мерекелік кештердегі ең танымал үрдістің бірі – алкоголь немесе кәдімгі сусын өнімдерін тұтыну және тост көтеру. Бірақ, кейбір елдерде мұны мүлдем жасамай, құйылған сусынды бірден іше береді екен. Мысалы, Венгрияда "денсаулық үшін" тост көтеріп, ыдыстарды соғыстыру ел тарихындағы ауыр кезеңдерді еске салу болып есептеледі.

Өйткені, Венгрия австриялық империяның билігінде болған және көтеріліске шыққан венгрлерді империяның әскері қатігездікпен басып тастаған. Сол кезде жеңіске жеткен Австриялықтар әрдайым осы үрдісті жасап отырған екен. Кейін ел тәуелсіздік алып, бұл іс-қимылға тыйым салып тастаған. Осы сияқты кейбір елдерде де теріс түсінік болуы ғажап емес.


Бастан сипау

Бастан сипау көп елдерде бір жетістікке жеткен баланы көтермелеу үшін қолданылса, әсіресе Азия елдерінде бұл әрекетке қатаң тыйым салынған. Өйткені ол жақта бас адам денесінің ең маңызды бөлігі ретінде қаралған және келісімсіз қол тигізуге мүлдем болмайды. Негізінен, бұл ережені Қытай мен Таиланд сияқты буддистік елдер қатаң сақтайды. Дұрысы Азия елдеріне барғанда ешкімнің басына тиіспей-ақ қойыңыз.


«Ешкі мүйізі»

Саусақпен орындалатын бұл ишара қазіргі жастар үшін жақсы таныс. Бастапқыда оны танымал әнші Ронни Джеймс Диомен ойлап тауып, бұл қимыл оң әсер береді деп қолданылып келеді. Бірақ, Италияда "ешкі мүйіздері" мүлдем қарама-қайшы мағынаны, нақтырақ айтсақ дау-жанжал дегенді білдіреді және соңы дәл сондай жағдайға соқтыруы ғажап емес.


Бас изеу

Әр түрлі елдерге саяхаттауды ұнататын адамдар басқа тіл мен мәдениетті меңгеру оңай еместігін біледі. Дегенмен, тілдік кедергіге қарамастан, бүкіл әлем бойынша сенім артуға болатын қарым-қатынастың бір түрі бар, ол – келісім белгісі ретінде қолданылатын бас изеу. Бірақ, бұл әрекет кейбір елдерде «жоқ» деген мағынаны білдіреді.


ОК белгісі

Саусақтар арқылы жасалатын "ОК" белгісі де әлемге кең таралған ишараның бірі. Әдетте, ол барлығы дұрыс екенін білдіреді. Алайда, жоғарыда айтылған жағымды белгі Бразилия және басқа да көптеген Латын Америкасы елдеріне басқа түсінікпен таралған. Ол жерлерде "OK " белгісі "шақыруды" білдіреді.


Басбармақ көрсету

Алақанды жұмып, басбармақты жоғарыға көтеріп көрсету бәрі керемет екенін білдіретін қалыпты қимыл. Алайда, Ирак және Таяу Шығыстың басқа да елдерінде "үлкен саусақты жоғары көтеру" теріс мағынаға ие. Нақтырақ айтсақ, байырғы Римдегідей басбармақ көтерсе ол міндетті түрде төменге түсіріліп, «өлтіру» деген ишараны білдіреді.


Үш саусақты көтеру

Концерттерде бұл әдеттегі позитивті қимыл, бірақ басқа жерде мүлдем теріс мағынаға ие. Мысалы, Таиландта бұл әекетті үкіметтің әділетсіздігіне қарсы көтеріліске шыққандар қолданып, осылай сәлемдеседі екен. Сондықтан Таиландқа саяхаттап, мерекелік кеште қамауға түскіңіз келмесе, бұл ишараны қолданбағаныңыз абзал.


Кутис

Суреттен көрініп тұрған "Кутис" қимылын көрерменнің көңілін көтеру үшін көбіне сайқымазақтар және ойын балалары қолданады. Алайда, Үндістан мен Пәкістанда бұл әрекет қорлау мағынасын білдіреді екен.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Солтүстік Кореяға саяхат: Жұмбақ елдің ҚҰПИЯЛАРЫ


Табиғаттағы демалыс та ҚАУІПТІ!