Саяхатқа шыққанда АҚША ҮНЕМДЕУдің ең тиімді жолдары

0
6 141

Ойланған адамға оп-оңай!


Саяхатқа шыққанда АҚША ҮНЕМДЕУдің ең тиімді жолдары

иллюстрациялық вото ашық дереккөзден

Кез келген адам саяхатқа шыққанда әлемге өзгеше көзқараспен қарайды және айналасынан көтеріңкі көңіл күй іздейді. Жүрген жерінен отбасына немесе жақын адамдарға кәдесый, өзіне қажетті заттар алып жүреді және жан рахатын сыйлайтын ұсыныстар мен қызметтерден бас тартпайды. Алайда, саяхатқа шыққанда қаншалықты көп сауда жасасаңыз, соншалықты мол қаржы кетіп қалатыны белгілі.

Сонда, саяхатқа жұмсалатын қаржыны қалай үнемдеуге болады? Ең бастысы— қажетсіз нәрсені сатып алмау. Сонымен қатар, жан рахатына бөлене отырып үнемеудің де тиімді жолдары бар. Біле жүріңіз.


Сақтандыру

Туристік сақтандыру полисі – бұл өте пайдалы қызмет түрі, бірақ оны дұрыс таңдамайтындар да жетерлік. Әдетте туристердің көпшілігі сақтандыруды "неғұрлым арзан болса, соғұрлым жақсы" қағидаты бойынша таңдайды, бірақ бұл тәсіл жағымсыз жағдайларға ұшыратуы әбден мүмкін. Нақтырақ айтсақ, сақтандыру полисінің тиімділігі оның қол жетімділігінде емес, сапалы медициналық көмек, кепілді дәрі-дәрмек, ең бастысы, сапар кезіндегі медициналық көмектің ақысын төлеуді кепілді түрде қамтамасыз етуінде.

Шет елде жүріп жайсыз жағдайға тап болу көптеген қиындыққа соқтырады. Ал, сіз алған сақтандыру полисі арзан болса, оның кепілдіктері де арзанқол қызметтер болып, ауыр жарақаттар үшін өз қалтаңыздан қыруар қаржы шығаруға мәжбүр боласыз. Сондықтан, сақтандыру компаниясы мен полис түрін мұқият таңдаңыз, сақтандыру шарттарымен және сақтандыру жағдайларының тізімімен танысыңыз. Егер сіз демалыс кезінде спортпен шұғылдануды жоспарласаңыз, туристік спорттық сақтандыру полисін жасатыңыз.


Жүк ақысы

Көптеген туристер, әсіресе қыз-келіншектердің сөмкесінде артық заттар өте көп болады. Ауа райы бұзылғанда киетін киімдер, қос-қос шалбар,жұп-жұп аяқкиім, қыдырғанда, үйде, шомылғанда, мейрамханаға барғанда және т.б. кезде киетін киімдер... Кей ер адамдар да солндай болуы мүмкін, әрине. Нәтижесінде, жүк сөмкесі толып, қасына тағы біреуі қосылады және оларға төлейтін ақы да еселене түседі. Сондықтан, қаржы үнемдеу үшін саяхатқа қажет деген заттарды ғана алып шығыңыз. Ал, киімім кір болып қалады деп уайымдасаңыз, кез келген қонақүйде кір жуатын машина бар екенін есіңізге саламыз.


VIP-зал

Көптеген авиакомпаниялардың заманауи VIP-залдарды жабдықтап, содан мол пайда табуды көздеуі бұрыннан келе жатқан әдіс. Иа, бұл өз рейсін жайлы да сәнді, тыныш, ерекше қызметтері бар орында күткісі келетіндер үшін керек дүние. Ондай залдардың құнына сай қызмет көрсететіндері де жоқ емес. Бірақ, қазір көптеген әуе компанияларындағы ерекше залдар сіз күткендей емес, ескіріп қалған. Сондықтан әуежайдағы VIP-залға кірмес бұрын сапасы қандай екенін алдын-ала нақтылау керек.


Тамақтану

Туристерге бағытталған кафелер мен мейрамханалардың көпшілігі шамадан тыс қымбат баға қойып алады және онда әрдайым у-шу болып жатады. Ал, сіз тамағы дәмді, ыңғайлы, тыныш жерде аз ақшаға тамақтанғыңыз келсе, жергілікті тұрғындар баратын орындарды таңдаңыз. Тіп, білмей жатсаңыз жергілікті тұрғындардан кеңес сұраудан тартынбаған абзал.


Такси

Заңсыз таксилер, әдетте, ресми таксилерге қарағанда төмен баға ұсынады. Бірақ қауіпті болуы мүмкін. Мысалы, бағаны арттыру үшін есептегішті қоспай айналма жолдармен жүруі, тіпті адам жоқ жерге апарып тонап кетуі мүмкін. Сондықтан таксиге отырмас бұрын, көлікте компания логотипі, тарифтері бар тақтайша және т.б. таксиге тән белгілер бар екеніне назар аударыңыз. Ондай кезде психолог болу да артықтық етпейді.


Туристік гидтер

Әдетте, әуежайдан түскенде алдыңыздан күлімсіреген шетелдік гидтер қарсы алады да барлық көрікті, қызықты орындарды және ең жақсы сауда дүкендерін көрсетуге уәде береді. Алайда, іс жүзінде олар Сізді тек туристерді тұтынушы етіп апарғаны үшін сыйақы беретін жерлерге апарады. Ондай жерлер тіпті тамашалауға да тұрмайтын болып шығуы әбден мүмкін. Себебі, олардың басты мақсаты – туристерге сапалы қызмет көрсету емес, қыруар пайдаға кенелу.


Валюта айырбастау

Қанша жылдан адам қызығатын ұсыныстармен алдау мәселе болып келе жатыр. Сондай әрекеттердің бірі қолма-қол валюта айырбастайтындардан шығатынын ұмытпаңыз. Нақтырақ айтсақ, шетелде заңсыз валюта айырбастайтындар сізге адам қызығатын қымбат баға ұсынса, ойлану керек. Кейде алаяқтар өзіне сеніп қалған туристерге жалған банкноттар беріп жібереді. Нәтижесінде ол көк тиынсыз қалады. Мұндай жағдайға тап болғыңыз келмесе, саяхатқа шықпай тұрып ресми валюта айырбастау орындарының немесе шетелдегі сенімді банктердің қызметіне жүгініңіз. Иа, ондай жерлерде айырбастағаныңыз үшін аз-маз комиссия төлейсіз. Бірақ, ақшаңыздың бәрінен айырылып қалғаннан сол дұрыс емес пе?


Мейрамханамен есептесу

Кейбір мейрамханалар өз тауарын өткізу үшін әдейі үстелге сіз тапсырыс бермеген заттарды әкеліп қояды. Олар – нан, су немесе алкоголь болуы мүмкін. Ал, соңында оның бәрін есепке алады. Сондықтан, Сіздің үстеліңізге тапсырыс берілмеген нәрсені қойса, сыпайы түрде бас тартқан дұрыс.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Саяхатшылар арасындағы ЕҢ ӨРЕСКЕЛ қателіктерді қайталамаңыз!


Қазақстандықтар ВИЗАСЫЗ-ақ мына елдерге бара алады