Саяхат СӘТТІ өту үшін ҚАЛАЙ дайындалу керек?

0
2 180

Сіз, тіпті ең қонақжай елге демалысқа баратын болсаңыз да, саяхаттың алдында ондағы қонақүй, жүріп-тұру жағы, өзге елдің мәдениеті секілді мәселелерді ойлап, алаңдайсыз.


Саяхат СӘТТІ өту үшін ҚАЛАЙ дайындалу керек?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ал, жағымсыз жағдайларға тап болмай, сапарыңыз сәтті өту үшін қалай дайындалу керек және нені білген дұрыс?


Көптеген туристер саяхатқа шығар алдында өзі баратын елді толық зерттемейді. Тиісінше, өз білгенімен жүрген адамдардың алдынан кейде күтпеген «тосынсыйлар» мен жағымсыз жағдайлар кездесіп жатады.


● Сондықтан, ең бірінші демалыстың шырқы бұзылмас үшін турагенттің және туроператорлардың кеңесіне құлақ асу керек. Сонымен қатар, өзіңіз жүгініп отырған турагенттің жұмыс тәжірибесі мен қызметі жайлы тұтынушылар білдірген пікірлерді де шолып шыққан дұрыс.


● Егер, саяхатқа ұшақпен барсаңыз, құжаттарды сенімді әрі тіркеу кезінде оңай алынатын орынға қоюды ұмытпаңыз. Сонда ғана олар жоғалып, немесе жолдорбаның ішінен табылмай қалып, әбігерге түспейсіз.


● Өзге елге балалармен бірге баратын болсаңыз, олардан көз жазуға болмайды. Әсіресе, адамдар сабылысқан әуежай мен жағажай және ойын-сауық орталықтарында.


● Әуежай, теміржол және автовокзалда заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз. Ал, таксидегі кездейсоқ таныстық кезінде өзіңіз жайлы барлық ақпаратты айта берудің қажеті жоқ.


● Өзіңіз баратын елдің мәдениетін, әдет-ғұрпын зерттеп алу жағымсыз жағдайларға тап болмаудың бір кепілі. Өйткені әр елде түрлі қимыл-ишаралар әртүрлі мағынаны бідіреді. Соның әсерінен, адамдар арасындағы діни, саяси немесе моральдық тұрғыдан түсініспеушілік туындап қалуы әбден мүмкін.


● Сондай-ақ, шет ел жайлы зерттегенде, ол жақтағы саяси және қоғамдық жағдайларды, қылмыстың орын алуы немесе онда тарап жатқан аурулар жайлы да зерттеп алған дұрыс. Ол кез келген адамның өміріне тікелей байланысты.



Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

Әлемдегі ЕҢ ҚАУІПТІ әуежайлар қай елдерде?

Әлемде ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР тұратын ПАТШАЛЫҚ бар