Швейцария саяхатшыларды несімен қызықтырады?

0
3 956

ТАУҒА теміржол салып тастаған!


Швейцария саяхатшыларды несімен қызықтырады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Швейцария – Батыс Еуропаның қақ ортасындағы ерекше ел. Ол ел өте мықты сағаттары және беделді банктерімен ғана емес, сонымен қатар ашық аспан астындағы керемет табиғатымен де танымал. Ел аумағының 60 пайызын Альпі тауы алып жатқанын ескерсек, мұндағы тау туризмінің дамуы баяғыда-ақ басталғаны таңқаларлық дүние емес. Тіпті, мұндағы таулардың өзінде тік беткейлер мен қараңғы туннельдер арқылы өтетін ежелгі темір жол бар. Талай адамға арман болған елдің ғажайыптарымне таныса отырыңыз.


Пилатус – Швейцарияның ең көркем әрі жұмбақ мекені


Егер Швейцариядағы экстремалды туризм жайлы айтар болсақ, онда эмментальдық Альпідегі масштабты массивтің бөлігі болып табылатын Пилатус тау сілемінен бастау керек. Таза ауасы, хош иісі, ғажайып табиғатымен туристерді тартатын биік шыңға саяхатшылар үшіәдіспен шығады екен. Олар жаяу жүргінші жолы, қанатты жол және темір жол. Жаяу және қанатты жолдың болатыны түсінікті. Бірақ, таулы аймаққа қалайша темір жол жүйесін жүргізіп қойған деп таңғаласыз.


Пилатус – Швейцарияның орталық бөлігіндегі, ескі Люцерн қаласынан 10 шақырым жердегі тау жотасы. Ең биік нүктесі – 2121 метрлік Томлисхорн шыңы. Жотаның атауын Иса Мәсіхтің прокуроры болған Понтий Пилаттың есімімен байланыстырады. Аңыз бойынша, ол таудың басында жерленген және сол шыңнан жылына бір рет оның бейнесін көруге болады. XX ғасырға дейін бұл шыңға шығуға арнайы рұқсат керек болған.


Эдуард Лохердің тісті темір жолды ойлап табуы


XIX ғасырдың соңында аңыз күші жойылып, адамдар тау жотасының шыңынан қорқуды тоқтатқан кезде оны зерттеу қажеттілігі туындады. Сондай-ақ, бұл шыңдарда туристік бизнесті дамытуға болатындықтан, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау үшін қанатты жолдар жүргізіле бастайды.

Сондай-ақ, Цюрих өнертапқыштарының бірі, білім беру инженері Эдуард Лохер саяхатшылар мен зерттеушілер тік беткейлерге көтере алатын теміржол ойлап табуға кіріседі. Бір қарағанда бұл – ақылға сыймайтын ой шығар. Бірақ, энтузиастар сол кездегі инновациялық құрылымды көлденең редуктормен (бүкіл әлемде тік қолданылады) және теміржол желісі рельстерінің арасындағы редуктормен құрастыра алды. Бұл өнербатыс сол кездегі нағыз революциялық жоба болып, ол тіпті 1889 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеде ұсынылған.

Айта кетсек, тісті темір жол мен кәдімгі темір жолдың басты айырмашылығы – рельстердің арасына орнатылған тісті рельс түріндегі қосымша. Соған сай, көлік құралы да тісті дөңгелектермен жабдықталады. Сөйтіп, тік беткейлерге өрлей алатын бір вагонды пойыздар пайда болған.



Тыйым салынған тау шыңына апаратын темір жол құрылысы


Лохердің ұсынысы көпшілікке күлкілі көрінсе де, түбінде жергілікті билік бұрын-соңды болмаған аттракцион салуға шешім қабылдайды. Өйткені қанатты жолдар мұнда келетін туристердің жағдайын жасай алмайтын еді. Сөйтіп, 1888 жылы жолдың ең күрделі құрылысы басталады. Тау бөктеріне теміржол салу шынымен ауыр еңбекке айналады. Соған қарамастан, бұрын Сент-Готтард теміржол желісінің құрылысына қатысқан 600 құрылысшы, 400 күнде 4,6 шақырым теміржол салады.

1889 жылдың маусым айында жолаушылар Пилатусбан теміржолымен алғашқы рейске аттанады. Бұл рейс шын мәнінде швейцариялықтар бүгінгі күнге дейін атап өтетін үлкен оқиға болған. Авторлардың мәліметтері бойынша, алғашқы алты айда Пилатус шыңына 37 мыңнан астам турист көтерілген. Бұл кезде бір билеттің құны 10 франк, яғни бір адамның айлығымен бірдей болған. Дегенмен, бұл бағаға байлар ғана емес, қарапайым туристер де қинала қоймапты.

Сонау 130 жылдан астам уақыт бұрын құрылған инфрақұрылым бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Жалғыз жаңғырту жұмысы 1937 жылы теміржол электрлендірілген кезде ғана болған. Сол кезде барлық жылжымалы құрам өзгерген. Қазіргі уақытта мұндай вагондарды шығаратын кәсіпорындар жоқ. Сондықтан тау маңындағы депода тозған бөлшектерді жөндеу және ауыстырумен айналысатын шеберхана ұйымдастырылған.



Әлемдегі ең керемет теміржол бағыты


Пилатус тауының ең биік нүктесіне теміржол арқылы көтерілу үшін Альпнахстад ауылына бару керек. Экстремалды маршрут дәл сол жерден басталады да, сапар ретро вагонның терезесінен көрінетін табиғаттың әсем көріністерімен басталады.

Жол басында жолаушылар вагон терезесін ашып, альпілік шалғындарды, көлдерді және қарағайлы орманның тамашалай алады. Бірақ тау баурайына жақындағанда терезені мықтап жабуға тура келеді. Өйткені таулы жерлерде пойыз жартастарға жақын жүріп, кейде тастан ойылған тар туннельдерге кіреді.


Туристердің барлық ландшафтты көруіне 30-40 минут уақыт кетеді екен. Сондай-ақ, ең биік шыңның маңында табиғат ғажайыптарын көруге болатын палуба бар. Әсіресе, теңіз деңгейінен 2073 метр биіктікте салынған Pilatus Kulm қонақ үйінде бірнеше күн тұрақтап, серуендеу, экстремалды ойын-сауыққа қатысу, таза ауада мейрамхана мен кафеден дәм тату ұмытылмас әсер сыйлайды.

Қазіргі уақытта Альпнахстад-Пилатус бағыты бойынша 10 қызыл вагон жүреді. Олардың әрқайсысы күніне 6 рейс жасайды. Орташа жылдамдығы 9-12 км/сағ-ты құрайды. Жол бойында бірнеше 5 минуттық аялдамалар бар.


Саяхаттың да сан түрі бар!


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оыңыз:


САЯХАТ МИСТИКАСЫ: Кәдесыйдың ТЕРІС ӘСЕРІН білесіз бе?


Қысқы серуенге шықпас бұрын мына кеңестерді ОҚЫП АЛЫҢЫЗ!