Жаңа жылда ӘДЕТТЕГІДЕЙ демалудан ШАРШАДЫҢЫЗ ба?

0
1 510

Сіз бұрын соңды сезініп көрмеген ерекше демалыс өткізе аласыз!


Жаңа жылда ӘДЕТТЕГІДЕЙ демалудан ШАРШАДЫҢЫЗ ба?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кейде, мейрамханалардағы іш пыстыратын отырыстардан шаршаған адамдар жылына бір рет келетін жаңа жылдық мерекені бұрын бллмаған жерде ерекше және қызықты етіп өткізгісі келеді. Сондықтан осы мақалада жаңа жылдық демалыста саяхаттауға арналған ең үздік 10 бағыттың тізімін дайындадық.


Сидней, Австралия

Егер, бұл мерекені қарлы, суық ауарайымен қарсы алудан жалықсаңыз, Австралияға бару керек! Өйткені бір-біріне көтеріңкі көңіл сыйлауды білетін австралиялықтар жаңа жылды өте керемет қарсы алады. Ал, мереке күні Сиднейде әлемдегі ең тамаша отшашу болады, ал оны қаладағы ең биік нүкте саналатын Sydney Tower мұнарасынан тамашалауға мүмкіндік бар. Содан кейін, 1 қаңтардан бастап тұрғындар жағажайлық кештерде көңіл көтеруді бастайды.


Сондай-ақ, ондағы тағы бір ерекше орын – Бонди-Бич немесе «әлемдегі ең шулы және көңілді жағажай». Мұнда көптеген адамдармен танысып, серфинг үйренуге және көңіл көтеруге барлық жағдай жасалған.


Ливингстон, Замбия

Жаңа жылдық демалысқа өте ыңғайлы бағыттардың бірі – Ливингстон. Мұндағы тұрғындар мереке кезінде қаланы безендіріп, түрлі қойылымдар мен сыйлықтар ұйымдастырады.


Сонымен қатар, мұнда келіп Моси-оа-Тунья ұлттық паркі, Виктория сарқырамасы секілді керемет орындарға баруға бьолады.


Таллин, Эстония


Таллиндегі жаңа жыл өте ерекше өтеді. Себебі мұнда аталған күндері шырша орнатылып, тұрғындар ән мен би орындап көңіл көтереді. Сонымен қатар, аңыз-әпсаналарды ерекше бағалайтын жергілікті халық үлкен ағаштарды айнала тойлап, Таллиннің орталық алаңында Еуропадағы ең әдемі рождестволық базарлар жұмыс істейді. Тиісінше, бұл сауда орнынан қолөнер туындылары мен базарлық алып қайтуға болады.


Гонолулу, Гавайи


Егер, Сіз қызығы қайнаған қысқы демалысты қаласаңыз, Гонолулуға барыңыз! Мұндағы жаңа жылды қарсы алу дәстүрі XIX ғасырда пайда болып, ауарайы ыстық болса да желтоқсан айында тойлау қалыптасқан. Бір қызығы – бұл жердегі Аяз ата сыйлықты каноэге мініп алып таратады.


Каслтон, Ұлыбритания


Қысқы демалысты Англиядағы Каслтон қаласында да өткізуге болады. Мерке уақытында бұл қаладағы барлық ғимараттар безендіріліп, тар көшелер түрлі-түсті отшашуларға толы болады, ал шіркеулерден Рождестволық хор әуендері естіліп тұрады. Сондай-ақ, бұл жерде мерекені тойлаумен қатар, ортағасырлық қамалдардың тарихын зерттеуге болады.


Дуз, Тунис


Тунистегі бұл қалада Аяз ата да, жаңа жылдық отшашулар да болмайды, бірақ жыл сайын халықаралық Сахара фестивалі ұйымдастырылады. Тиісінше, ол фестивальге тек көрші елдердің адамдары ғана емес, әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келеді. Байқау аясында қолөнер жәрмеңкесін тамашалап, түрлі жарыстарға қатыса аласыз.


Тромсе, Норвегия


Желтоқсан айында толассыз мерекелік отшашулар жарқырайтын Тромсе ертегі орынға айналады. Қарлы қала қонақтарға қысқы ойын-сауықта көңіл көтеру, ит жегілген шанамен сырғанау секілді мүмкіндіктерді ұсынады.


Нассау, Багам аралдары


Қар басқан далада шана, шаңғымен сырғанаудан зеріккендер мереке кезінде міндетті түрде Нассауға бару керек. Аралда қонақтарды тек ақ құмды жағажайлар мен жылы мұхит ғана емес, сонымен қатар ең жарқын және көңілді фестивальдер күтеді. Ол мерекелік іс-шаралар Бразилиядағы карнавалдан кем түспейді. Оның үстіне мұнда тып-тыныш демалыс өткізе аласыз.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қыста саяхатқа шығатын адамда МЫНА ЗАТТАР болуы керек


Қазақстанның қай жерінде шаңғы тебуге болады?