​Қарақаттың қызы Бекболаттан аумайды

0
16 823

Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қарақаттың қызы Бекболаттан аумайды

Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Күні кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасы дүркіретіп той жасады. Олар кішкентай қызының 1 жасқа толғанымен қатар, ұлы Айсұлтанның сүндетке отыруын қатар атап өтті. Ал тойдың төрінен орын алған жұлдыздар 1 жасар Аяланың суреттерін жарыса жариялап жатты. Өз кезегінде желі қолданушылары бүлдіршіннің кімге ұқсайтынын талқылай жөнелді.

Дүбірлі тойдың қонақтары болған айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, әнші Ерке Есмахан 1 жасар Аяламен бірге түскен суреттерін көрсетті.

Ал желі қолданушыларының дені Аяланың үлкен ағасы Бекболаттан аумайтынын жазып жатты. «Тура үлкен ұлы сияқты екен», «Бекболат ағасынан аумайды», «Бекболат ағасы сияқты. Әдемі қыз болайын деп тұр», – деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырушылардың арасында бүлдіршінді Қыдырәліге де, Қарақаттың анасына да ұқсатқандар болды.

Сондай-ақ, желі қолданушылары кішкентай Аяланың сүйкімділігін айтып, оған жарқын болашақ тілесіп жатты.