​Сәкен Майғазивтің жұбайы төртінші перзентін күтіп отыр

0
7 369

Раяна мен Мәриям бөпелерінің ұл болатынын қалайтын көрінеді.


​Сәкен Майғазивтің жұбайы төртінші перзентін күтіп отыр

фото stan.kz

ERNUR.KZ. Сәкен Майғазив отбасында төртінші перзентінің дүниеге келуін күтіп отырғандығын қуанышпен айтты. Әнші мұндай жағымды жаңалықпен НТК телеарнасының «Ревю» бағдарламасында бөлісті.

Әншінің 20 жастағы Әділет есімді ұлы мен Раяна және Мәриям есімді қыздары бар. Жұбайы Динараның қазіргі жағдайы жақсы, босанатын уақытын күтіп отыр. Дәрігерлер бұл отбасының төртінші перзентінің қыз болатынын айтқан. Бірақ Раяна мен Мәриям бөпелерінің ұл болатынын қалайтын көрінеді. Әншінің отбасы көп балалы болуды армандайды.

“Әрі қарай Алла Тағала күш-қуат, денсаулық берсе тоқтатпасақ деген ниетіміз бар. Өзім осыдан бірнеше жыл бұрын жарымның 7 баланың анасы болса деген арманым бар еді”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Қазақтың санын көбейтуге үлесін қосып жүрген әншінің отбасына амандық тілейміз.