​Жігер Ауыпбаев өзіне ең қымбат жанның аяғын сүйді (ВИДЕО)

0
3 456

92 жылдан кейін құран түскен, пайғамбарлардың табаны тиген жерге барып құлшылығын өтеп келген аяқты сүймегенде қайтемін?!


​Жігер Ауыпбаев өзіне ең қымбат жанның аяғын сүйді (ВИДЕО)

Еліне еркелеп, ән арнап жүрген Жігер Ауыпбаев сауап іс жасауды ниет етті. Ол перзенттік парызын өтеу мақсатында өз қаражатымен анасы мен әжесін меккеге жіберді.

«Адам өз өмірін алға ниет етіп, арман-мақсат қою арқылы ғана гүлдендіре алады.
Менің алға қойған армандарымның бір бөлшегі әжемді, ата-анамды, бауырларымды шамамның жеткенінше қасиетті болған Мекке мен Мәдинәға Жаратқанның алдындағы қажылық парыздарын өтеп келуге жіберу еді. Әрбір перзент өз ата-анасының, бауырларының ақыреті үшін алаңдауы керек. Әжемді қасиетті болған мекенге жіберер кезде анам:

«Балам, әжеңді Меккеге жіберер болсаң мені де бірге жібер. Менің де сауап алғым келеді» деп айтқанда қатты қуанып кеттім. Сөйтіп Алланың қалауымен үлкен сапарға барып қайтты.
Видеода анам мен әжем ұмра (кіші қажылық) сапарынан келген кезі. Жалпы үлкен кісілерге мұндай ұзақ жол ауырлық келтіруі мүмкін. Бірақ Жаратқанға деген маxаббаттың бүкіл нәрсені жеңіп кетуі де сөзсіз. Әжем мен анам сапарға кеткеннен бастап қатты алаңдадым. Себебі 92 жастағы қарт әже үшін ұзақ жолда көп нәрселер болуы әбден мүмкін еді. Алланың қалауымен жеңіл барып жеңіл келді. Келісімен анамнан «әжең 3 мәрте яғни: 1 – өзі үшін, 2 – анасының атынан, 3 – әкесінің атынан ұмра қажылығын жасады» дегенде көзіме жас толып кетті. Әрине мен үшін бұл баға жетпес бақыт еді.

92 жылдан кейін құран түскен, пайғамбарлардың табаны тиген жерге барып құлшылығын өтеп келген аяқты сүймегенде қайтемін?! «Қарты бар үйдің – қазынасы бар», – дейді атам қазақ. Әжем мамыр айының 5-күні 93 жасқа толды. Бұйырса 100 жасын көруді Алла нәсіп қылғай. Қазыналарымыз аман болсын», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.