1 адам көз жұмды: Шымкентте жолға шығып кеткен жылқының кесірінен көлік апаты болды

0
511

Тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.


1 адам көз жұмды: Шымкентте жолға шығып кеткен жылқының кесірінен көлік апаты болды

фото: видеодан скриншот

16 шілде күні кешкі сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылы, Абдулабад көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, 4 жолаушысы бар “ВАЗ 21099” маркалы автокөлік Төле би ауданынан Шымкент қаласына қарай келе жатқан. Осы сәтте жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Содан соң, қарсы бағытта келе жатқан “Volkswagen Passat” маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан.

"Жол апатынан “ВАЗ 21099” маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ көліктің тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.