1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмекке өзгерістер енгізіледі

0
3 753

Жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады.


1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмекке өзгерістер енгізіледі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмекке өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Атап айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға және 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу орындарында оқитын студенттерге мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады. Атап айтқанда, 4 балаға – 42 496 теңге (16,03 АЕК); 5 балаға – 53 127 теңге (20,04 АЕК); 6 балаға – 63 757 теңге (24,05 АЕК) және 7 балаға – 74 388 теңге (28,06 АЕК). Ал, 2020 жылға айлық есептік көрсеткіш – 2651 теңге қарастырылады.