2019 жылы Шымкентке "Бандэрос" пен "Формат" тобы келмей ме?

0
2 077


2019 жылы Шымкентке

2019 жылы еліміздің үшінші қаласында өтетін мәдени шаралардың саны азаяды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Доңыз жылы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бюджеттегі қаржының денін мәдениеттен әлеуметке бұруды көздеп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, жол, жарық, көгілдір отын мәселелері қаланың кей аудандарында әлі күнге өзекті.

«Сондықтан мен өзім арнайы тапсырма бердім. Біздің қалада тек концерт, фестиваль ондай мәселелерді сәл азайтып, осындай тірліктермен айналысайық. Сол кезде мен ойлаймын осы 2-3 жылдың ішінде біз үлкен өзгерістерге қол жеткіземіз. Осы 2 жылдың ішінде сіздер өзгерістерді сезетін боласыздар»,-деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Бұл жөнінде қала әкімі Абай ауданы әкімінің есебінде айтқан болатын. Демек, шаһар басшылығы халықтың аузы суы мен жолы үшін өздері сүйіп тыңдайтың гонорары қомақты "Бандэрос" пен "Формат" тобынан да бас тартатын болып тұр ғой.