"3-Энергоорталық"​ қаланы 100 пайыз жылумен қамтамасыз етеді

0
1 836

"3-Энергоорталық" АҚ станциялары жаз мезгілінде 80 Мвт қуатпен жұмыс істейді. Шымкент қаласының табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау Департаменті "3-Энергоорталық" АҚ - ның 2016-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілген болатын.


Шымкентті жылумен қамтамасыз етуші "3-Энергоорталық" мекемесі биылғы жылу маусымына жүз пайыз дайындықпен келдік дейді. Қақаған қыс ауасында апатты жағдай орын алса да қалалықтар сақылдаған сары аязда да тоңбайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасының: "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ƏЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" жолдауы аясында ашықтықты қамтамасыз ету үшін журналистерге арнайы пресс тур өткізген мекеме басшылығы осылай деп отыр.
Жылу беру мекемесі жылдық инвестициялық бағдарламаны жоспарлы іске асырып келеді. "3-Энергоорталық" АҚ станциялары жаз мезгілінде 80 Мвт қуатпен жұмыс істейді. Шымкент қаласының табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау Департаменті "3-Энергоорталық" АҚ - ның 2016-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілген болатын. Қалалықтардың қақаған қыста тоңбауы үшін барлық жағдай жасалған. Қондырғыларды жаңғырту, жөндеу жұмыстарына былтыр 673 млн бөлінсе, биыл 143 млн теңге қаражат жұмсалыпты. Инвестициялық бағдарлама аясында электролизді қондырғының күрделі жөндеуі аяқталған. Нөмірі бірінші трубоагрегаттың дəл қазір күрделі жөндеуі жүріп жатыр. Қараша айында аяқталуы тиіс жөндеу нəтижесінде сіңімді сорғыш ауыстырылады. Оны ауыстыру,яғни қондырғыны орнату үшін келісім де жасалып қойылған. "Елбасы Жолдауында көрсетілгендей, тарифті құрау жəне тұтынушылардан жиналған қаражаттың жұмсалуы барынша ашық болуы тиіс. Мұнымен біз жүз пайыз келісеміз. Жəне қолдаймыз"-деді "3-Энергоорталық" АҚ Түркістан филиалының бас директоры Жақып Хайрушев.
Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ететін "3-Энергоорталық" АҚ үш қазандықты толық іске қосты. Негізгі отыны табиғи газ болып табылатын мекеме қыс мезгілінде 150 Мвт қуатпен жұмыс істейді. Тасымалдаушы мекеменің сұранысы қазір тəулігіне 65 градус жылылық болса, мекеме 66-67 градустық жылу жіберуде екен. Тасымалдаушы "Қуатжылу" мекемесінің сұраныс көлемі талапқа сай тəулік сайын өзгеріп, бекітіледі. Қаланы сапалы жылумен қамту үшін бірлесіп жұмыс атқарудамыз дейді мекеме басшылығы. Осылайша жылу беруші мекеме маусымға жүз пайыз дайындық жасағандарын айтады.