300 мыңға жуық шымкенттікке әлеуметтік төлем тағайындалған

0
679

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем алуға 500 мыңнан астам қала тұрғындары өтінім берген.


300 мыңға жуық шымкенттікке әлеуметтік төлем тағайындалған

Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 633 адамнан өтініш түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 284 214 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 272 436 азаматтың өтініш бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 285 214 азаматтың ішінде 272 436 өтініштер бойынша, ал, 12 778-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 283 897 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.