4 сәуірден бастап Шымкентте карантин жарияланады

0
1 404

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 11-ге жеткен болатын.


4 сәуірден бастап Шымкентте карантин жарияланады

Шымкентте 2020 ж. 4 сәуір сағат 21.00-ден 15 сәуір аралығында Шымкент қаласы аумағында карантин жарияланады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкім Мұрат Әйтенов кезекті мәлімдемесінде айтты.

Шаһар басшысы карантин кезінде шектеу шараларының қатаңдатылатындығын мәлімдеді.
"1. Шымкент қаласы бас санитарының қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек, меншік нысанына қарамастан, барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылады. Олардың тізімін әкімдіктің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде жариялаймыз. Қоғамдық демалыс орындары, саябақтар мен балалар алаңшаларына баруға болмайды.
2. Тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкенттен шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Бұл шектеудің Қаулыда көрсетілген белгілі азаматтар мен көліктерге қатысы жоқ. Олардың да тізімі жарияланады.
3. Қала аумағында шағын микроавтобустардың қозғалысына тыйым салынып, олардың бағыттары бойынша автобус қозғалысы қойылады. Қалаішілік қоғамдық көлік қозғалысы таңғы 7.00-ден 19.00-ге дейін ғана жүзеге асады.
4. Қала аумағындағы залалсыздандыру шаралары күшейтілетін болады.
5. Азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Мұндай шектеулер медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, қала тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды.
Тұрғындар үйлерінен азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық көмек, банк және пошта қызметтерін алу үшін ғана шыға алады.
6. 55 жастан асқан тұрғындарға аса бір қажеттіліксіз көшеге шықпауды ұсынамыз.
7. Тізім бойынша жұмысы тоқтамаған барлық мекемелер қызметкерлерiн жұмыс орны туралы анықтамамен қамтамасыз етуі шарт.
8. Азық-түлік базарларының, дүкендердiң жұмыс уақыты өзгерiссiз қалады.
9. Барлық қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру режиміне көшеді.
10. Азаматтардың қала аумағында жеке көлігімен жүруіне тыйым салынады. Бұл талап тізімге кіретін мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды. Сондай-ақ, жеке көлікпен үйінің жанында орналасқан азық-түлік пен бірінші кезектегі тауарлар, медициналық құралдар алуға және жедел жағдайларда медицина ұйымдарына көмек алуға баруға болады.
",- деді Мұрат Әйтенов.