42500 теңге жәрдемақыны алуға ақылы түрде көмектеспек болған шымкенттік ұсталды

0
1 218

Әйел бұл қызметті «қызметін» мың теңгеге бағалаған.


42500 теңге жәрдемақыны алуға ақылы түрде көмектеспек болған шымкенттік ұсталды

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көмек ретінде берілетін 42 500 теңге алуға көмектесеміз деген қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әйел өзінің «қызметін» мың теңгеге бағалаған.

1 сәуірде WhatsApp әлеуметтік желісінде Шымкент қаласының тұрғындары арасында азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға жүгінуге көмектесу туралы хабарлама таратылған. Бұл үшін ЖСН, ЭЦҚ, ИП атауы, тұрғылықты мекен-жайы, банк картасы туралы ақпарат беруді талап еткен.

Аталған факт қылмыстық қудалау органымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция қызметкерлеріне жеткізілді.

Шымкент ҚІІБ тергеу басқармасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.