"5 миллион": Шымкенттік тұрғын несие алам деп ақшасынан айрылды

0
815

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 5 млн теңге несие шығарып берем деп 500 мың теңгені иемденіп кеткен алаяқ анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

26 мамыр күні Шымкент қаласы Полиция департаментіне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында А. есімді азамат 5.000.000 теңге несие шығарып беремін деп, 500.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алғандығын және қазіргі таңға дейін қайтармай жүргендігін жазып көрсеткен.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 32 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.