«Адал көмек»: Шымкентте монополистердің қатысуымен кездесу өтті

0
787

25-ке жуық азаматтардың өтініштері қаралды


«Адал көмек»: Шымкентте монополистердің қатысуымен кездесу өтті

Шымкентте «Адал көмек» жобасы аясында монополистердің қатысуымен оффлайн форматта азаматтарға кеңес ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Антикор орталығы» алаңында өткен іс-шарада қала тұрғындарына Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан Қаинбердиев, Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Ө.Шыныбекұлы, Қуатжылуорталық-3, «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС, «Энергопоток» ЖШС, ҚазТрансГаз Аймақ, Су құбыры және канализация басқармасының өкілдері кеңес берді.
Аталған салаға қатысты 8 азамат сауалдарымен жүгінсе, алдын ала жарияланған WhatsApp нөміріне 16 азаматтан өтініш келіп түсті.
Қала тұрғындары коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын орнатуға, монополистердің көппәтерлі үйдің 1-қабатындағы коммерциялық үй-жайлар үшін техникалық шарттар алған кезде жерге мемлекеттік актілер беру туралы талаптарының заңдылығына, көп пәтерлі тұрғын үйдің үйішілік инженерлік желілерін пайдалануға жауаптыларға және Самал 3 мөлтек ауданындағы су тапшылығына және тағы да басқа сұрақтармен жүгінді.
Тұтынушылармен қойылған сұрақтарға Департамент басшысы, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері мен тұрақты комиссия мүшелері кеңес беріп, заңдылық жағын түсіндірді.
Айта кетейік, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету мақсатында қолға алынған «Адал көмек» жобасы енді офлайн форматта жүзеге асырылуда.

Бастамашысы ретінде танылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен әр бейсенбіде «Аntikor ortalyǵy» алаңында өткізуді жоспарлауда.