"ADALDYQ ALANY" Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Шымкент әкімдігінің жұмысымен танысты

0
856

«Ашық әкімдікте» қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қабылдайтын 10 терезе жұмыс жасайды.


"Adaldyq alany" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т. Байғұлов Шымкенттегі "Ашық әкімдік" жобасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара барысында қалалық әкім аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов қонақтарды өтініштермен жұмыс жасау бөлімінің жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, аталған бөлім азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру мақсатында ашылған.

Қазіргі уақытта «Ашық әкімдікте» қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қабылдайтын 10 терезе жұмыс жасайды. Оның ішінде 1 терезе өзіне-өзі қызмет көрсету үшін арналған. Ал "Бір терезе" қағидаты бойынша бірыңғай жерде мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, биылғы жылдың 4 айында 5 483 өтініш келіп түсіп, оларға тиісті жауаптар берілген.