Адам органдарын саудалаған деп айыпталған Шымкенттік дәрігер ақталып шықты

0
1 158

Еліміздің бас трансплантологы Ғани Құттымұратов 2 жыл 6 айға сотталса, шымкенттік аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай мүлдем ақталып шықты.


Адам органдарын саудалаған деп айыпталған Шымкенттік дәрігер ақталып шықты

Адам органдарын сатты деп айыпталған отандық дәрігерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздің бас трансплантологы Ғани Құттымұратов 2 жыл 6 айға сотталса, Шымкенттік аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай мүлдем ақталып шықты. Ал үшінші айыпталушы, Қырғызстан азаматшасы Бермет Тайсаловаға сот 6 жыл жаза кесті.

Ғани Құттымұратов (сол жақта) және Абылай Донбай (оң жақта)

2019 жылдың жазында полиция тірі донорлардан органдарды заңсыз трансплантациялаумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмысын аштық деп жариялады. Тергеу мәліметтері бойынша Қазақстанға әр түрлі елдерден донорлар мен реципиенттер әкелініп, трансплантациялау операциялары жасалды. Донорлар өз органдарын Польшаның MedLead компаниясына 10-15 мың долларға сатты, ал алушылар оларды 150 мың долларға сатып алды.

Бүгін «Нұр-Сұлтан» қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әділхан Шайхисламов бұл іске нүкте қойды.


Судья сот үкімі тек сотталушылардың айғақтарына ғана емес, куәгерлерге де негізделіп, іс бойынша объективті дәлелдемелерді зерттеді деп түсіндірді.

Қылмыстық тергеу органдары Б.Тайсалованы басшылықта, ал Ғ.Құттымұратов пен А.Донбайды трансұлттық қылмыстық топқа қатысты деп айыптады.


Нәтижесінде Б. Тайсалова 6 жылға, Ғани Құттымұратов 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуі керек.

Ал Абылай Донбай кінәсіз деп танылып, ақталып, дереу қамаудан босатылды.