"Ақ орамал": Шымкентте Аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен алқалы жиын өтті

0
740

Жиын барысында Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған бейнефильм көрсетілді.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық мәдениет басқармасының «Әдет- ғұрып және салт-дәстүр» орталығында республикалық "Ақ орамал" акциясы аясында қалалық Аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен алқалы жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс шараның мақсаты - елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру, бейбiтшiлiк идеяны қалыптастыpу, отбасы қаpым-қатынасын нығайту.

Жиын барысында Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған бейнефильм көрсетілді, сондай-ақ, ақ орамалдың маңыздылығы жөнінде тұщымды ойлар мен әсері мол естелік-пікірлер айтылды.

Жиын соңында қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Б.Көмекбаева бүкіләлемдік аналар қауымына Үндеу тастады.