«Әкелер мектебі»: Шымкентте әкелерге арналған шеберлік сағаты өтті

0
815

Шеберлік сабағын ағаштан түйін түйген шебер Сәдібеков Қожабек өткізді.


«Әкелер мектебі»: Шымкентте әкелерге арналған шеберлік сағаты өтті

Шымкент қаласы «SHANYRAQ» орталығы «Әкелер мектебі» жобасының аясында орталыққа тіркелген әкелермен бірлесе бірқатар жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соның ішінде ер-азаматтарға қосымша табыс табуға ықпал ету мақсатында біршама жобалар бар. Атап айтқанда «Ізгілікте жарысайық» қорымен бірлесіп, ерлерге арнайы мастер класс өткізілді.

Шеберлік сабағын ағаштан түйін түйген шебер Сәдібеков Қожабек өткізді. Бұл кісі өз шеберханасында ағаштан домбыра, астау, ер, ыдыстар т.б. түрлі бұйымдар жасап шығарады.
Аталған шараға келген ер-азаматтарға шебер ағаштан бұйым жасау өнерінің қыр-сыры туралы әңгімелеп, осы кәсіпті игеру жолдарын айтып өтті.