Әкімдік: «Көмірді қазір түсіріп алған дұрыс»

0
1 233

Бағаны тұрақтандыру бойынша жан-жақты шаралар қабылдануда.


Әкімдік: «Көмірді қазір түсіріп алған дұрыс»

ERNUR.KZ. Әкімдіктұрғындарға үндеу жасады.

Құрметті Әл-Фараби ауданының тұрғындары, алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарына баршамыз қамдану қажет екенімізді назарларыңызға саламыз.


Әсіресе жеке секторларда тұратын тұрғындарымыз, автономды жылыту қазандықтарын, мұржаларын, жылыту радияторын (батареяларын) алдағы жылу маусымына жарамдылығын арнайы мамандарға тексертіп алғаны абзал.


Сонымен қатар, күн суытып, қар түскенде көмірге деген сұраныс күрт артып, кезек жетпей, бағасы да шарықтап кетіп жататыны белгілі. Бұл орайда, бағаны тұрақтандыру бойынша жан-жақты шаралар қабылдануда.


Ал, дәл бүгінгі күндері, көмірдің бағасы да арзан, жаңбырдың астында қалып, салмағы артып кетпеген, яғни құрғақ, әрі ұзын-сонар кезек те жоқ. Сондықтан, жер үйлерін көмірмен жылытатын тұрғындарымыз дәл осы кезде көмірлерін түсіріп алғандары дұрыс екендігін назарларыңызға саламыз.

Қажетті ақпараттарды 54-96-54 сымтетігіне хабарласу арқылы ала аласыздар.

Ақпарат көзі: Әл-Фараби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі