Арбатта ән шырқаған шымкенттік полицейлер онлайн концерт өткізді

0
721

Полиция қызметкерлері жеті ән шырқады.


Арбатта ән шырқаған шымкенттік полицейлер онлайн концерт өткізді

Шымкент полиция департаментінің Instagram парақшасында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен құралған «Поляр» тобы онлайн концерт өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізде болса, бұл трио Арбат демалыс орталығында 8 наурыз мерекесі қарсаңында ән шырқап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған болатын.

Енді, төтенше жағдай кезінде карантинге оқшауланған қала тұрғындарына қолдау көрсету үшін онлайн концерт ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлері жанды дауыста жеті ән орындады. Олардың барлығы көрермендердің сұраныстары бойынша таңдалған.