АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС: Көшірілген тұрғындардың алғашқы легі Шымкенттегі бекеттерге келіп жайғасты

0
2 549

Бекеттер тізімі төмендегідей.


АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС: Көшірілген тұрғындардың алғашқы легі Шымкенттегі бекеттерге келіп жайғасты

фото: иллюстрациялық

Шымкент қаласында 15 бекетте Арыс ауданынан жарылыс салдарынан эвакуацияланғандарды қабылдап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бекеттер тізімі төмендегідей:

Зерделі көшесіндегі Ж.Жабаев атындағы гимназия мектебі;

С.Алпысбаев көшесіндегі Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп;

Аманжол көшесіндегі саңырау балаларға арналған мектеп интернаты;

Құрманбеков көшесіндегі К.Қасымов атындағы мектеп;

Тұрлан шағынауданындағы 55-ші жалпы орта мектеп;

Қазығұрт шағынауданындағы 66-шы мектеп;

Қызылжар шағынауданындағы Хамза атындағы жалпы орта мектебі;

Ынтымақ шағынауданындағы 54-ші мектеп;

Жиделі көшесіндегі 60-шы мектеп;

Ақтас шағынауданындағы 61-ші мектеп;

Қатынкөпір мөлтек ауданындағы 56-шы мектеп;

Мангельдин көшесіндегі А.Байтұрсынов атындағы 50-ші мектеп;

Ақжар тұрғын алабы Мұратбаев көшесіндегі 122-ші мектеп;

Назарбеков атындағы 87-ші мектеп;

Тұрдалы көшесіндегі Көкбұлақ мектебі.

Аталған бекеттерге арыстықтардың алғашқы легі келіп жайғастырылды. Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.